Желіккен жүргізушілерді жөнге салудың жолы

0 117

Желмен жарыса желігіп, көлікті «жын қуғандай» айдайтын жүргізушілер талай адамның өміріне қауіп  төндіріп жүр. Сондықтан, Бас прокуратура жүгенсіз жүретін көлік иелерін жазалайтын арнайы бап енгізу жөнінде ұсыныс тастап отыр.

ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, соң­ғы кездері бұқаралық ақпарат құ­ралдары бетінде көлікті қатты ай­дайтын жүргізушілерді жөнге салу мәселесі жиі талқылана бас­та­ған. Бұл мәселе кезінде талай кө­терілген, бірақ жаппай қолдауға ие бола алмаған. Енді, міне, мәселенің қайтадан тұтануына желөкпе жүр­гізу­шілердің өздері себеп болып отыр.

Мәжіліс депутаттары «Жол қозғалысы туралы» және «Қазақ­стан Республикасындағы кейбір заң­на­малық актілеріне жол қоз­ға­лысы мәселелері бойынша өз­ге­рістер мен толықтырулар енгізу ту­­ралы» заң жобаларын талқылау ке­зінде көліктің жылдамдығын шектен тыс асыратын жүргізушілерді әкім­шілік жауапкершілікке тарту жөніндегі ұсынысты да қарас­ты­ра­ты­нын атап өтті.

Гүлмира АЙМАҒАНБЕТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × four =