Жеке жүгіруден жарысты

0 16

Елордадағы Триатлон паркте санитарлық талаптардың толық сақталуымен «Вирусқа спортпен соққы береміз» атты жеке жүгіруден жарыс өтті.

Іс-шараны Дене шынық­тыру және спорт басқармасы, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы, қалалық триатлон федерация­сы, Нұр-Сұлтан қаласының жеңіл атлетика федерациясы, Қазақстан велосипед спорты федерациясының қалалық филиалы ұйымдастырды.
Жарысқа 300-ге жуық қатысушы тіркелген. 50-59 және 60+ жас тобындағы қатысушылар жарысты таңғы 07:00-ден, 40-49-дағылар таңғы 08:30-дан, 30-39 жас аралығындағылар 10:00-ден, 18-29 жастағы қатысушылар таңғы 11:00-ден бастады. Ең аз қашықтық – 5 метр. Олар 30 секундтық уақыт аралығын сақтай отырып сайысты. Себебі жеке жүгіру жарысында топ боп жүгіруге тыйым салынған.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 28-30 желтоқсан күндері қалалық Триатлон федерациясының (Қабанбай батыр, 41 А мекенжайы бойынша) кеңсесінде сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін қашықтан ұйымдастырылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

10 + 4 =