Жеке құрам арасында футболдан турнир өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен жеке құрам қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік мерекені лайықты атап өту, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ ұжымдық бірлік пен командалық рухты нығайту.
Тартысты өткен жарыс қорытындысы бойынша:
І орын – №3 мекеме командасы;
ІІ орын – №64 мекеме командасы;
ІІІ орын – ҚАЖ комитетінің командасы.
Сондай-ақ үздік ойын көрсеткен қатысушылар арнайы номинациялармен марапатталды:
-Үздік қақпашы – Атамбаев Нұрсұлтан;
-Үздік шабуылшы – Исмагулов Алмат;
-Үздік қорғаушы – Мешітбаев Нұрсұлтан;
-Үздік ойыншы – Сафарғалиев Нарұл.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен, медальдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Турнир қатысушылары жоғары спорттық дайындықтарын көрсетіп, өзара достық пен әріптестік қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға үлес қосты. Мемлекеттік рәміздер күніне арналған спорттық іс-шара мерекелік көңіл-күй сыйлап, қатысушыларға жағымды әсер қалдырды.



