«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жедел желі іске қосылды

0 203

Алдағы жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін дәрі-дәрмек бойынша электронды анықтамалық іске қосылады. Осыған байланысты, халықты тегін дәрілермен қамтамасыз ету мәселелерін 1439 бірыңғай жедел желі нөміріне хабарласып білуге болады.

Байланыс орталығының операторлары амбу­латорлық емді алатын емделушілерге тегін босатылатын қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу мерзімдері, көлемдері мен жоспарланған күні туралы ақпаратты береді.
Бірыңғай дистрибьютор «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасының міндетін атқарушы Берік Шәріптің айтуынша, байланыс орталығының қысқа нөмірін іске қосу – бұл денсаулық сақтауды цифрландыру шеңберінде компания жүзеге асырып отырған бірнеше жобалардың бірі. Тағы бір жоба, дәрілерді жеткізу туралы емделушілерді хабардар ету үшін жоспарланған. Бұл – емханаларда тегін дәрілердің болуы бойынша бірыңғай электронды анықтама.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды