«Жедел жәрдем» шақыру азайды

0 43

Қала тұрғындары жедел жәрдем қызметіне маусым айының соңына қарай ең көп жүгінген. Жағдайды реттеу үшін қабылданған шаралар – әсіресе карантин енгізу, ахуалдық орталық құру, науқастарға телефон арқылы кеңес беру маңызды рөл атқарды. Соның арқасында жедел жәрдем қызметіне шалынған қоңыраулар саны екі есе азайды.Бүгінгі таңда жедел жәрдемге жүгінгендер саны 2200-ді құрайды, карантинге дейін 4000-ға жуық өтініш түскен. Сонымен қатар қоңыраулардың азайғаны байқалады. Қазір күніне 1400-ге жуық қоңырау түседі, бұған дейін олардың саны 3 мыңға жуық болған. Олардың ішінде коронавирус инфекциясына байланысты қоңыраулар саны 500-ге жуық еді, бүгін таңертең 182-ге дейін төмендеді (19 шілде). Яғни, екі есе азайған.
Дегенмен босаңсуға әлі ерте. «Алда күз, ЖРВИ мау­сымы. КВИ қайта өршуі де мүмкін. Біз бұған дайын болуымыз керек. Эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауы мүмкін екенін ескеріп, біз адамдарымызды, техникаларымызды дайындаудамыз. Автокөлік паркін кеңейтудеміз. Сондай-ақ тамыз айында 14 реанимобиль келеді деп күтілуде. Медицина колледждері түлектерінің арасынан қосымша қызметкерлерді іріктеу, оларды оқыту және дайындау жүзеге асырылуда» дейді Нұр-Сұлтан қалалық жедел жәрдем станциясының директоры Мұрат Оразбаев.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × five =