«Жедел жәрдем» шақырту көбейді

0 19

Бас қалада қазан айынан бері коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың өскені байқалады. Соңғы жеті күнде репродуктивті сан бірліктен асып, бүгінде 1,12-ні құрады. COVID-19 ауруы 1,3 есе немесе 27%-ға өсті. Бұл туралы арнайы брифингте Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева хабарлады.

«4 қарашадағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының жалпы 14709 жағдайы тіркелді. Олардың 9030-ы – симптомды, 5679-ы – симптомсыз. Қаланың сырқаттанушылық көрсеткіші орташа республикалық көрсеткіштен 2,1 есе жоғары және 100 мың тұрғынға шаққанда 1273-ті құрады» деді мемлекеттік бас санитар дәрігер. Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен 596 жағдай тіркелген. Соңғы 5 аптада күніне 5 адамнан анықталуда. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Муратовтың айтуынша, бүгінде Нұр-Сұлтанда төсек-орын сыйымдылығы 1020 бірлікті құрайтын 7 аурухана бар. Коронавирус инфекциясымен 85 және пневмониямен 29 науқас жатыр. Жедел жәрдем қызметі күніне 1561 қоңырау қабылдайды. Оның ішінде орта есеппен 14 жағдай КВИ бойынша шақырады екен. Елордада КВИ бойынша биоматериалдар сынамасын алуға арналған 15 зертхана бар.
Ауруханаларды COVID-19 емдеуге қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуге келетін болсақ, ұйымдар өкпені жасанды желдету аппараттарымен, 19 компьютерлік томографпен, 27 рентген аппаратымен, 500-ден астам оттегі концентраторларымен және 1584 оттегі нүктелерімен толық жабдықталған. Сонымен қатар қосымша үш оттегі резервуары, 601 флуометр, 500 көпфункционалды медициналық төсек-орын, 2 жылжымалы рентген кешені, 6 рентген аппараты сатып алынды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six − 4 =