Жедел жәрдем бригадаларының саны артты

0 10

Елорда әкімі Алтай Көлгінов пен ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа жедел жәрдем машиналарының параметрлерімен, стансаның жабдықталуымен және байланыс орталықтарының жұмысымен танысты.Желіге 52 жедел жәрдем көлігі шықты. Жаңа жылдан бастап тағы 22 жедел жәрдем көлігі алынады. Көлік саны 64-тен 138-ге дейін, екі есе артады. Машиналардың басым бөлігі – қарқынды терапия, мониторинг және шұғыл медициналық көмекті қажет ететін пациенттерді тасымалдау мүмкіндігі бар реанимобильдер. Бұл көлік дефибриляторлармен және жүрек ырғағына толық мониторинг жасайтын жүйемен жабдықталған. Сондай-ақ әр көлікте өкпені жасанды желдету аппараты, оттегі баллоны, жасанды қанайналым аппараты бар. «Медициналық көмек көрсету сапасын арттыру мен еңбек жағдайын жақсарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Біріншіден, автокөліктер санын екі есеге арттыру нәтижесінде жедел жәрдем бригадасының келу уақыты 10 минут болды. Жедел жәрдем бригадалардың саны 20-ға дейін артты. Екіншіден, денсаулық сақтау басқармасымен және ikomek109 байланыс орталығымен бірлесе мемлекеттік медициналық мекемелердің жұмысына талдау жасадық. Қазан айы­нан бастап медициналық ұйымдардың бірінші басшыларының ұялы телефондарына мобильдік қосымшалар орнатылды. Бұл 3 ай ішінде тұрғындардың өтініштерін орындау уақытын 5-6 күннен 1-2 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік берді. Үшіншіден, пациенттердің өтінішіне сәйкес 2, 6 және 9 емханаларда электрондық кезек жүйесі енгізілді. Жаңа жылдан бастап аталмыш жүйені барлық медициналық мекемелерде енгізіп бастаймыз. Төртіншіден, келесі жылдан бастап мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Сарыарқа ауданында орналасатын жаңа медициналық мекеменің құрылысы басталады. Бесіншіден, елімізді цифрландыру аясында 2019 жылдың сәуір айында «iKOMEK» орталығы базасында «iKOMEK112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі пилоттық жобасы іске қосылды. Бұл жоба 101, 102, 103 қызметтеріне келіп түсетін қоңыраулар жүктемесін 81 пайызға жеңілдетуге мүмкіндік береді» деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды