Жедел жәрдем – алғы шепте

0 18

Коронавируспен күреске тартылған елордалық медицина қызметкерлері жалақысына қосымша үстемеақы алуда.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойын­ша Денсаулық сақтау министрі денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлерін қаржылай қолдау мәселелері бойынша бұйрыққа қол қойды. Осы бұйрыққа сәйкес дәрігерлер үш санатқа бөлінді.
«Қауіптілігі өте жоғары» – реанимация бөлімшесін қоса есептегенде жұқпалы стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медициналық қызметкерлер. Үстемеақы 850 мың теңгені құрайды.
«Қауіптілігі жоғары» – провизорлық стацио­нарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, сондай-ақ орта және кіші медициналық қызметкерлер. Үстемеақы 425 мың теңгені құрайды.
«Қауіптілігі орташа» – дәрігерлер, карантиндік стационарлардың орта және кіші медициналық қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т.б. Үстемеақы 212,5 мың теңгені құрайды.Әлемдік пандемиямен күресте дәрігерлер мен медбикелердің жұмысы айрықша маңызды болып тұр. Сондай-ақ жедел жәрдем станциясының қызметкерлері де адам өмірі үшін күрестің алғы шебінде жүр.

Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтан қаласының жедел жәрдем станциясында күндіз 10 диспетчер, түнде 12 диспетчер үздіксіз жұмыс істейді. Күн сайын әр маман 150-ге жуық қоңырауға жауап береді. Тәулігіне орта есеппен 2-2,5 мың өтініш келіп түседі екен. Оның 1,5 мыңына, яғни, осынша пациентке үйге бару арқылы қызмет көрсетіледі. Қалған қоңырау шалушыларға мамандар жіберіледі немесе дереу кеңес беріледі.
Елорда бойынша 80 «жедел жәрдем» машинасы жұмыс істейді. Әр ауданда 18-20 бригада қызмет атқарады.
Ауырған адам арнаулы нөмір бойынша қоңырау шалғаннан кейін кезекші маман алдын ала өтініш анамнезін жүргізеді.
Бригадаға шақыруды беру туралы шешім қабылданғаннан кейін мамандар медициналық жабдықтар мен медициналық бокстың жағдайын тексереді. Яғни, Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен дәрі-дәрмектерді алады және медициналық көмектің әр түрін қамтиды.
Егер КВИ жағдайына қатысты болса, фельдшер мен дәрігердің киімдері əдеттегіден ерекше болады. Бригадаға арнайы қорғаныш кос­тюм беріледі. Оған маска, көзілдірік, қолғап, бахилалар, халат кіреді.
Егер шақыру штаттық жағдайлар бойынша жүзеге асырылса, қорғаныш бір реттік костюм талап етілмейді. Станцияға келгеннен кейін машина және ондағы жабдықтар, креслолар дезинфекция­лық ерітіндімен мұқият залалсыз­дандырылады.
Міне, осындай тынымсыз күйде күн сайын адамдардың денсау­лығын қорғайтын және көмектесетін дәрігер қауымының еңбегін бағалайықшы. Ол үшін бүгінгідей карантин кезінде үйде қалыңыз, көшеге себепсіз шықпаңыз!

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − eight =