ЖЕДЕЛ ХАБАР ЖЕТКІЗЕДІ

0 117

Астанада Қазақстан спортшыларының Лондон олимпиадасында көрсеткен нәтижелерін  жедел жариялайтын баспасөз орталығы ашылды.

Қазақстан Республикасы Спорт және дене тәрбиесі і стері жөніндегі агенттігі ғимаратында орналасқан баспасөз орталығына Лондондағы тілшілер тобы жедел ақпараттар және фотолар жіберіп тұрады. Сондай-ақ, орталықта спорт саласы мамандарымен баспасөз мәслихаттары ұйымдастырылатын болады.

Жергілікті журналистер үшін жан-жақты ақпарат алуға жағдай жасалып қойған. Интернет желісі, факс және телефон қызметтері үздіксіз жұмыс істейтін болады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four + nine =