ЖАЗЫҚТЫЛАРҒА СОТ ӘДІЛ ҮКІМ ШЫҒАРДЫ

0 223

1396263435

Астана қаласының прокуратурасы жазықтыларды қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қолданумен қатар, жедел тергеу амалдарын пайдалана отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын ала анықтауды мақсат тұтады.

Әсіресе, жер қатынастары мен бюджет қаражатын игеру сияқты маңызды салалар айрықша қадағаланады.

2014 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіш  бойынша қалалық прокуратура үш сыбайлас жемқорлық бойынша қылмыстық іс қозғап, олардың ішінде бір іс бойынша кінәлі адам сотталып, бас бостандығынан айырылды. Қалған екі істің біреуі – сотта, екіншісі – тергеу барысында.

Мысалы, «Қалалық жылжымайтын мүлік» МҚК-да (бұдан әрі – Мекеме) жер учаскелерін  алып қойғаны үшін меншiк иелерiне берілетін өтемақыны  шын мәнісінде жерлері алынбаған тұлғалардың аттарына аудару жолымен ақшаны заңсыз иемдену фактілері  анықталды.

Мекеменің бас есепшісі А.Б.Шума­тованың бірнеше эпизодтан құралған қылмыстық әрекеттерінен мемлекетке 36 млн теңгеден аса залал келтірілген.

Аталған факті бойынша Астана қаласының прокуратурасы 2014 жылдың 31 наурызында  Қазақстан Республикасының Қылмыстық Ко­дексі­нің (бұдан әрі – Кодекс) 176-бабының 3-тармағына сүйене отырып, қылмыстық іс қозғады.

Осы жылдың 8 шілдесінде Астана қаласының №2 Сарыарқа аудандық сотының үкімімен А.Б.Шуматоваға кодекстің 176-бабының 3-тарма­ғының «б»-тармақшасы бойынша мүлкі тәркілей отырып,  5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік қыз­меткерлер арасында жемқор жан­дарды  әшкерелеу бойынша жедел-іздестіру шаралардың ұйым­дастырылуына  прокуратураның өзі  бастамашылық жасап отыр.

Нәтижесінде, биыл 5 маусымда Қаржы полициясы «Астана Тазалық» ЖШС-нің қызметкерлерінен 1 850 000 теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталған Астана қаласының Қаржылық бақылау инспекциясының маманы Ж.Д.Нүркеевке қатысты Қылмыстық кодекстің 311-бабының 5-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады.

2014 жылдың 25 шілдесінде Астана қаласы Қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының  үкімімен Ж.Д.Нүркеев мүлігін тәркілеумен 10 жыл бас бостандығынан айрылды.

Әлбетте, жазықты жауапкершілік­тен қашып, бұлтарды. Алайда, Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі Аппеляциялық сот алқасының 23.09.2014 жылғы қаулысымен атал­ған үкім өзгеріссіз қалды.

Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын өрескел бұзғаны үшін прокурорлық қадағалау актілердің негізінде лауызымды адамдардың тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы сараптамасы «Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ-де, «Астана қаласы еңбек инспекция­сының басқармасы» ММ-де, «Астана қаласы қаржы бақылау инспекциясы» ММ-де, «Астана қаласы Аймақтық жер инспекциясы» ММ-де, «Алматы» ауданы салық басқармасы» ММ-де, «№53 орта мектеп» ММ-де, «№57 орта мектеп» ММ-де сыбайласқан  жемқорлық құқық бұзушылықтар жасалынатындығын анықтап отыр. Заңды белден басқаны үшін 10 лауа­зымды адам жауапкершілікке тартылды.

Бірінші басшылар арасында заң­сыздықтарды  анықтау бойынша жұмыс төңірегінде айтар болсақ,  «Аста­на қаласы Аймақтық жер инс­пекциясы» ММ-ің басшысы Е.К.Ахметов өзіне бағынышты тұл­ға­ның жемқорлық қарекетіне көз­жұмбайлығы үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 537-бабында  көз­делген әкімшілік құқық бұзушылық үшін сот тәртібімен жауапкершілікке тартылғаны туралы атап көрсеткен жөн.

Жалпы алғанда, Астана қала­лық прокуратурасының Сыбай­лас жем­қорлыққа қарсы күресте құ­қық­бұзушылықтар мен заңсыздық­тарды анықтау мақсатында 216 шара өткізілді. Оның ішінде 142 дәріс (лекция), 10 «дөңгелек үстел» талқылауы, 7 семинар, түрлі БАҚ беттерінде 57 мақала жарияланды.

Мәселен, күні кеше ғана, 25-қыр­күйекте Астана қаласы прокурорының төрағалығымен жемқорлыққа қарсы заңды  жетілдіру жөнінде «дөңгелек үстел» өтті, онда Қазақстан Республикасында 2011 – 2015 жылдарға арналған Жемқорлыққа қарсы күрес салалық бағдарламасын (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 31.03.2011 ж. №308 Қаулысымен бекітілді) жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына Астана қаласы әкімдігінің, Қазақстан Рес­пуб­ликасы Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері  жөнін­дегі агенттік департаментінің, Астана қаласы құқық қорғау орган­да­рының, «Нұр Отан» партия­сы және «Жаңару» жалпы ұлт­тық жемқорлыққа қарсы күрес қоз­ғалысы» АҚФ өкілдері және басшылары қатысты.

Прокуратура бұл бағыттағы жұ­мысты күн тәртібінен түсірмей, әлі де жалғастыратын болады.

Б.МЕЛДЕБЕКОВ,

Астана қаласы прокурорының аға көмекшісі

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × five =