Жазушының оқырман отауы

0 28

Ұлттық академиялық кітапханада көрнекті жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қажығали Мұханбетқалиұлына арналған оқырман залы ашылды.

– Қазақтың көрнекті жазушысы Қажығали Мұханбетқалиұлы ағамыздың атына оқу залының ашылғаны бізді өте қуантып отыр. Бұл – ұлттық академиялық кітапхананың біздің қаламгерлерімізге көрсетіп жатқан құрметі. Кітапханада Әбіш Кекілбаевтың, ғалым, әдебиеттанушы Тұрсынбек Кәкішевтің, жазушы Дүкенбай Досжан ағамыздың, әдебиеттанушы Мырзатай Жолдасбековтың оқу залы бар. Қазақ руханиятына, соның ішінде қазақ әдебиетіне зор үлес қосқан азаматтардың есімі берілген кабинеттер ашылып жатыр. Бұл тек музей ретінде есігі жабық тұратын оқу залдары емес, сырттан келген оқырмандардың барлығы өздеріне керек кітапты қарап, білімге, ғылымға ден қоюға жағдай жасалған дүние, – деді Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры, ақын Дәулеткерей Кәпұлы.
Сонымен бірге салтанатты іс-шарада марқұм Қажығали ағаның жақын досы, жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреа­ты Төлен Әбдікұлы сөз алып, қабырғалы қаламгер туралы парасатты естелік өрбітті.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

three × 1 =