Жазушымен жүздесті

0 33

Елордадағы №76 мектеп-­лицейде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ақын, балалар жазушысы Баянғали Әлімжанов оқушылармен кездесті. Жиынның бас­ты мақсаты – рухани құндылықтарды жоғары қоятын парасатты, саналы жастарды қалыптастыру.

image-25-11-21-01-33
image-25-11-21-01-33-1
image-25-11-21-01-33-2
image-25-11-21-01-33-3
image-25-11-21-01-33-4
previous arrow
next arrow

«Адамзат баласының барлығы да адалдықты сүйеді. Адалдық пен адамдық қатар жүреді. Оның түбінде имандылық жатыр. Қазақта ең ауыр «көргенсіз» деген сөз бар. Одан да ауыры – «имансыз» деген сөз. Адал бол деп ақыл айту оңай, бірақ адал болып өмір сүру өте қиын. Өмір болғандықтан түрлі жағдайлар болады. Міне, сол кезде адам адал болып қалса, нағыз адамдық деген сол. Бала күнімізде көп кітап оқыдық. Бүгінгі балаларға айтарым, ақпарат құралдары көп болса да, адамгершілікке, адалдыққа, ізгілікке тәрбиелейтін кітаптың орны бөлек. Сондықтан кітап оқудан жалықпау керек» деді Б.Әлімжанов.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + 16 =