Жазғы спорт орталығы жабылды

0 138

Астаналықтардың ала жаздай «Алауға» ағылуына жазғы спорт орталығы айтарлықтай үлес қосты.

021

Жаз бойы мұз айдын сарайында салтанат құрған орталыққа 12 710 адам ат басын бұрған. Олардың арасында сүйікті спортымен шұғылдануға мүмкіндік алған Астана қаласының оқушылар лагерьлерінен 1500-ге жуық оқушы мен көпбалалы от­­басылардан шыққан 250 бала бар. Бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 17 пайызға өсті.
Осы мерзім аралығында көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылар, балалар үйінің тәрбиеленушілері, 1, 2-санаттағы мүмкіндігі шектеулі жандар және 5 жасқа дейінгі балалар үшін орталыққа кіру тегін болды. Ал зейнеткерлер мен 12 жасқа дейінгі балаларға және 3-санаттағы мүмкін­дігі шектеулі жандарға 50 пайыздық жеңілдік қарастырылды.
«Келушілер саны жыл өткен сайын кө­бейіп келеді. Әсіресе, жастардың спорт­­қа бет бұруы – біз үшін қуанарлық жағдай. Біз де өз тарапымыздан жастардың спорт­қа деген құлшынысын арттыру үшін түрлі қызықты жарыстар, іс-шаралар ұйымдастырып келеміз. Атап айтсақ, Қазақстан халқының бірлігі күніне орай үстел теннисінен ашық біріншілік, шахмат пен үстел теннисінен мүмкіндігі шектеулі жандар арасында «Астана-2016» байқауы, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мерекелік іс-шара, шахматтан Хәкім Омаров атындағы халықаралық турнир, «Болашақ» бағдарламасының түлектері арасында бадминтон ойыны, Спорт күніне орай «Алаупиада» спорттық шарасын өткіздік» дейді «Алау» мұз айдыны сарайының директоры Сәуірбай Есжанов.
Жазғы орталық жабылғаннан кейін, сарайда бір ай бойы мұз төсеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа маусымға дайындық өтеді. Сөйтіп қысқы маусым қазан айынан бастап өз жұмысын бастайды.

Орынбек ӨТЕМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven − two =