Жазғы демалыс – жанға жайлы

0 1  361

Оқу жылы аяқталды. Жазғы демалыста оқушылардың уақыты босқа өтпеуі үшін Астананың мектеп жанындағы лагерлері дайындықты қазірден бастап кетті. Бұл жөнінде Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары­ Рима ИМАНҒАЗИНОВА әңгімелейді.  

– Жазғы демалыс лагерлерінің жұмысымен таныстырып өтсеңіз…

– 1-4 сынып оқушыларының қамты­луы­мен 66 мектептің жанынан жаз­ғы демалыс лагерлері ашылды. Жаз­ғы мезгілде (3 ауысымдық) 30 000 бастауыш сынып оқушылары қамты­ла­тын­дығы жоспарланып отыр. Мектеп жанындағы лагерлердің негізгі мақсаты – кіші мектеп жасындағы бала­лардың шығармашылық әлеуетін дамыту, денсаулығын нығайту, сауық­ты­ру, олардың бойында салауатты өмір сүруге ынтасын қалыптастыру, сонымен қатар, балалардың ересек­тер тара­пынан қараусыз қалған бос уақытын қысқарту. Орта буын оқушы­ларын (5-7 сынып) қамту мақса­тын­да мектеп жанындағы «Дидарлы­ жаз» спорттық-ойын алаңдары жұмыс істейді. 3 мау­сымнан 12 шілде аралы­ғын­да түрлі спорттық шаралармен 5-7 сыныптың 4000 оқушысын қамту көз­деліп отыр.

Аталған алаңдардың басты мақсаты – қала мектептерінің эстафеталық командалары арасында құрамалық спорт түрлері мен ойындары (волейбол, баскетбол, футбол, атқыштар) бойын­ша спорттық-бұқаралық қыз­мет­ті ұйымдастыру. Биылғы жылы 8-10 сынып оқушыларын қамту мақса­тын­да алғаш рет 14 білім ұйым­да­рында әскери–патриоттық бағыттағы бағдарламаларды (әскери далалық жиындар, ойындар, саяхаттар, мұра­жай­лар­ға бару және т.б.) жүзеге асыратын мектеп жанындағы «Айбынды маусым» әскери-спорттық алаң жобасы енгізіліп отыр. Жазғы маусым кезінде 3000 жоғары сынып оқушыларын қамтитын 3 ауысымдағы жазғы лагерь ұйымдастыру жоспарлануда.

–Әлеуметтік көмекке мұқтаж топқа жататын балаларға қандай жағдай қарастырылған?

–10 маусымнан 16 шілде аралы­ғын­да жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар, әлеуметтік аз қамтылған және көп­ба­ла­лы отбасыдан шыққан балалардың демалысын және қамтылуын ұйым­дас­тыру мақсатында 3 кезеңде 380 баланы қамтитын Ақмола облысы Ерейментау ауданынының Алғабас ауылына жақын орналасқан «Батыр»­ ту­рис­тік шатырлы лагері, Ақмола облы­сының Ақкөл ауылында орна­лас­қан «Арман» спорттық-сауықтыру лагері өз жұмысын бастайды. «Батыр» туристік шатырлы лагері таби­ғат­ты және қоршаған ортаны қорғау жұмыстарын, балалардың демалысы мен тынығуын қамтамасыз етеді. Балалар үйінің жетім және әке-шешесінің қарауынсыз қалған 220 баласы Ақмола облысында орналасқан «Боровичок» демалу аймағындағы демалыс­пен қамтылған. Жаңа оқушылар сарай­ында 8-12 жас шамасындағы бала­лар­дың жазғы тынығу демалысын ақылы түрде жүргізетін мектеп жанындағы «Жазғы демалыс академиясы» лагері ашылды. Лагерь бағдар­ла­масына тегін тамақтандыру, жүзу элементтерін, мұзда сырғанақ тебу, лингвистика, бастапқы шахмат ойынына, интерактивтік бақтармен жұмысқа, сурет салуға, театралдық студияда т.б. жұмыс істей білуге машық­тан­дыру, үйрету енгізілген. Мек­теп­тер мен қосымша білім беру ұйым­да­рында да балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру бойынша түрлі жұмыстар: мектеп аумақтарын көгалдандыру және көріктендіру, құрылыс, жөндеу бойынша еңбек бри­га­далары; интеллектуалдық, шығар­ма­шылық және тіл үйрену үйір­ме­ле­рі; республикалық, халықаралық пәндік олимпиадаларға қатысу, шығар­ма­шы­лық сайыстар мен спорт жарыс­тар ұйымдастырылған. «Бал­дәу­рен» республикалық оқу-сауық­ты­ру орталығында Білім және ғылым минис­тр­лігінің квотасы негізінде жазғы маусымда (5 ауысым) қаламыздың 70 оқушысы демалады.

Сонымен бірге, ата-аналар өздерінің жеке бастамасымен республиканың әр аймақтары, шетел лагерлерінде балаларының жазғы демалысын ұйым­дас­тырып, жеке фирмалардың ұйым­дас­тыруымен түрлі тіл үйрену бағдар­ла­малар бойынша оқуға жіберсе, жоғары сынып оқушыларын заңға сәйкес жеңіл жұмыс көздерінде уақытша еңбек етуге орналастырып отыр.

–Биылғы жылы барлығы қан­ша оқу­шы жазғы лагерлермен қам­ты­лады?

–Жазғы демалысты ұйым­дас­ты­ру­дың барлық түрімен 9 және 11 сынып оқу­шы­ларын қоспағанда жалпы саны 80 000 оқушы немесе контигенттің 98 пайызын қамту жоспарлануда.

2013 жылы демалыс, сауықтыру және жазғы маусымға жергі­лік­ті бюджеттен барлығы 183 млн 277 мың теңге бөлінді.

Жазғы маусымда демалысты ұйым­­дас­­тыру бойынша ұсы­ны­ла­тын қызмет­тер сапасын анықтау мақ­са­тын­да­ М. Өтемісов атындағы оқушылар сарайында, Білім басқармасында сол сияқты сайттарда қызыл желілер ұйым­дас­ты­рыл­ған.

Ата-аналар мен барлық мүдделі тұлғалар білім беру мекемелеріндегі жазғы демалыс қызметі сапасы бойын­ша­ ұсыныстары мен шағымдарын жолдай алады.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six + eleven =