Жазғы демалыс қалай өтеді?

0 97

Елордада жазғы демалыс «Қазақстан балалары жазды қуанышпен қарсы алады!» атты ұранмен өтеді. Жазғы кезеңде балалардың сауықтыру демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру – мемлекеттің әлеуметтік саясатының ажырамас бөлігі. Бұл туралы онлайн брифингте Білім басқармасы басшысының орынбасары Римма Иманғазинова мәлімдеді.Римма Иманғазинованың айтуынша, жаз мезгілінде қала сыртындағы 240 орындық «Arman» туристік-сауықтыру кешені мен 160 орындық «Боровичок» сауықтыру лагерінің жұмысы жанданады. «Аталған лагерьлер қаладан 100 шақырым жерде, яғни Ақмола облысында орналасқан. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, 10 күннен 5 ауысым өткізу жоспарланып отыр. Лагерьлер 7 маусымнан 10 тамызға дейін ұйымдастырылады. Штаттық қызметкерлер – тәлімгерлер, тәрбие­шілер, медициналық қызметкерлер, аспаздар, техникалық қызметкерлер құрылды» деді ол.
Сондай-ақ әл-Фараби және Махамбет Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайының базаларында санитарлық нормаларды сақтай отырып балалардың жазғы демалысын ұйымдас­тыру жоспарлануда. Бірақ ас-суы қамтамасыз етілмейді.
Туындаған сұрақтар бойынша Білім басқармасының Call-орталығына 55-68-51 телефоны бойынша хабарласып біле аласыздар.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × two =