Жазды кітаппен бірге өткіз…

0 55

Елордадағы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты №3 балалар кітапханасы онлайн режимде «Жазда кітаппен бірге» деген фотобайқау ұйымдастырды.

Бұл игілікті шараның мақсаты: балалардың кітапқа деген қызығушылығын ояту. Олар жазғы демалыста оқыған кітаптары жайында бейнесюжет жолдайды, ұнатқанын басқа да қатарластарына оқуға ұсынады.
Фотобайқауға қатысуға ниет білдіргендер бас шаһардан ғана емес, еліміздің әр түкпірінен болды. Мәселен, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Дариян ауылынанШашты Шарманданова деген жеткіншек ақын Бауыржан Халиолланың «Жан тебіреніс» кітабы жайында бейнесюжет жіберген. Сондай-ақ Павлодар қаласында тұратын Мақсұт Әйгерім Ыбырай Алтынсариннің әсерлі әңгімелері туралы жолдаса, елордалық Балым ­Алдабергенова Абай атамыздың қарасөздерін оқуға ұсыныпты.
№3 Балалар кітапханасының меңгерушісі Марал Ақтаева өз сөзінде осы шараға белсенді атсалысқан жеткіншектер мен олардың ата-аналарына алғысын жеткізді. Байқауда жеңімпаз атанған балалар арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

six − five =