Жаз масасыз бола ма?

0 53

Елордада маса мен шыбын-шіркейлерге қарсы дезинсекция жалғасуда. Су айдындары тазартылып, қала ішіндегі аулалар мен қоғамдық орындар залалсыздандырылып жатыр.– Қаламызда шыбын-шіркейге қарсы өңдеу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Бүгінде 4 мың шаршы жер өңделді. Өткен айда қала сыртындағы су қоймалары тазартылды. Бұл айда бар жұмыс күшін қала ішіне бағыттаймыз. Аулалар мен қоғамдық орындарда масалар саны азайтылады, – деді Қалалық қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Жанар Бескемпірова.
Масамен күреске 120 маман, 4 арнайы техника мен 3 термогенераторлық бригада жұмылдырылған. Олар бұл жұмысты кешкі 22:00-ден таңғы 04:00-ге дейін жүргізеді. Сол себепті қала әкімдігі тұрғындарға түнгі уақытта терезелерін жауып, саябақтарда серуендемеуді ескертіп отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

sixteen − thirteen =