ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

0 141

жаяу

Астанада жол ережесін бұзатын жаяу жүргіншілерді тәртіпке шақыру бойынша рейд жүргізілді.

Астана қаласының Әкімшілік полициясы ұйымдастырған шара барысында 120 тәртіп бұзушы анықталды. Олардың көпшілігі әкімшілік жауапкершілікке тар­тыл­ды. Сонымен қатар, қауіп­сіз­дік ереже­сін бұзу­­шы­лардың бәрімен жолдың тыйым салынған бөлігі­нен және бағдар­шам­ның қызыл шамына өтуге болмайтыны туралы әңгімелер жүргізілді. Жол ережесін бұзу негізінен сауда орын­дарына жақын жол бөлік­те­рінде орын алатыны анық­тал­ған. Жалпы биылғы жылдың басынан бері қалада жаяу жүргін­ші­лер­дің кінәсінен 46 жол-көлік оқиғасы тіркеліпті. Орын алған жағдайға байланысты полиция қызметкерлері осындай рейдтерді жиі өткізуді жоспарлап отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

3 × four =