Жаяу жүргінші жалықпайды

0 5

«Нұр-Сұлтан – жайлы қала» мастер-жоспары аясында «Demalys Promenade көше жобасы іске 12 маусымда қосылады. Жаз айларының демалыс күндері аумақта шығармашылық ұжымдардың, концерттік ұйымдардың және Нұр-Сұлтан қаласының театрларының қойылымдары болады. Сағат таңғы 10:30-21:30 аралығында қала тұрғындарын ересектер мен балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы күтеді.
Демалыс күні жаяу жүргіншілер көшесі Әзірбайжан Мәмбетов көшесінің Абай көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі бөлігінде серуендей алады. Одан әрі жаяу жүргіншілер көшесінің бойында шатырлары бар сауда-көрме алаңы орналасады. Сондай-ақ суретшілер бұрышы, шахмат ойнауға, ұлттық ойындарға (асық ату және тоғызқұмалақ) арналған орындар болады. Сондай-ақ ерекше инсталляциялар, бар-үстелдер және арт-нысандардан фото аймақтары орнатылады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × 3 =