Жауһар туынды – жұпар дебюті

0 32

10 қыркүйек күні «Астана Операның» Үлкен залында театрдың бас дирижері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, әйгілі маэстро Алан Бөрібаевтың жетекшілігімен елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Дж.Вердидің «Дон Карлос» операсы ұсынылады. Елизавета Валуа бас партиясында қазақстандық танымал әнші, «Астана Операның» жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жұпар Ғабдуллинаның дебюті болады.

Фридрих Шиллердің аттас драмасының же­лісімен қойылған операның әлемдік премьерасы 1867 жылы 11 наурызда Париж операда өткен. Кемеңгер композитордың өте ауқымды әрі аса өршіл туындысы еуропалық және америкалық сахналарда кеңінен танымал болды. ХХ ғасырдың бірінші жартысында «Дон Карлос» сирек қойылды. Операға деген қызығушылық 1958 жылы Ковент-Гарден театрында қойылғаннан кейін жандана түсті. «Астана Опера» театрындағы тұсаукесері 2019 жылдың қазан айында өткен.
Кейіпкерлердің бейнелерін сомдайтын «Астана Опера» солистері: II Филипп патша партиясында Евгений Чайников, Дон Карлос – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Италия жұлдызы» орденінің командоры Медет Шотабаев, Родриго – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Талғат Мұсабаев. Ұлы инквизитор – Болат Есімханов, Эболи ханшайым – Татьяна Вицинская, Монах – Шыңғыс Расылхан, Тебальдо – Мадина Исламова, аспаннан дауыс – Елена Ганжа, Әсем Сембина, Граф ди Лерма – Рамзат Балакишиев, Герольд – Ерұлан Кәмел.

Көктем ҚАРҚЫН

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two − two =