«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жауапты тұлғалар жазаланады

0 127

Төрт кісінің өліміне әкеп соққан оқыс оқиғаға қатысы бар деген «Астана су арнасы» мекемесінің лауазымды тұлғалары қамауға алынды, деп хабарлайды «Елорда Инфо» қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

– Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті 23 мамырда екі немесе одан да көп адамның қайтыс болуына әкеп соққан еңбекті қорғау ережелерінің бұзылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Тергеу барысында бірқатар сараптама мен арнайы тексеру жұмыстары жүргізілді. Куәгерлерден жауап алынды. Тергеу амалдарын жүргізу барысында «Астана су арнасы» мекемесінің лауазымды тұлғаларының кінәсі анықталды. Осы жылдың 13 маусымында аталған дерек бойынша Полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына «Астана су арнасы» мекемесінің екі жетекшісі В. және М. қамалды, – деді Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғазиз Нұрқаев.
Еске сала кетсек, үстіміздегі жылдың 23 мамыр күні «Астана су арнасының» 4 қызметкері сорғылық стансасы кәрізінің резервуарында демонтаждау жұмысын атқару кезінде көз жұмған болатын. Одан бөлек, біреуі медициналық мекемеге жеткізілді. Араға көп уақыт салмай елорданың Полиция департаменті осы оқиғаға байланысты қылмыс­тық іс қозғады.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды