Жауапкершілікті арттыруды тапсырды

0 93

Кеше ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Астана қаласындағы Тәртіптік кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Тәртіптік кеңес төрағасы Ерлан Әбеннің басшылығымен өткен жиында тәртіптік комиссиялардың жұмысы жайлы сөз болды. Биыл 9 ай көле­мінде 160 тәртіптік комиссия отырыстары өткен. Онда 257 қыз­мет­кердің жауапкершіліктері қаралған. Шара барысында мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссияларының рөлі мен жауапкершілігін арттыру туралы кеңінен әңгімеленді. Осы ретте Тәртіптік кеңес төрағасы бірқатар жауапты мамандарға нақтылы тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың өкілдерімен тәртіптік комиссиялардың жұмысын жетілдіру және жақсарту жөнінде ұсыныстар жасалды.

Еркежан СӘТІМБЕК

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

seven + eight =