Жауапкершілік жүгі жеңілдемейді

0 118

Астана қаласы Есіл ауданының әкімі С.С.Мұстафинаның халықпен есептік кездесулеріндегі баяндамасы

 Қайырлы күн, қадірлі қауым!

I. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2005 жылдан бастап барлық деңгейдегі әкімдер халық алдында жыл сайын есеп береді. Есебімді бастамас бұрын былтыр өткен негізгі іс-шаралар туралы ақпаратқа қысқаша тоқтала кетейін.

– Өткен жылдың ең маңызды уақиғасы – 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің күні деп белгіленуі. Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттің бірлігін, Конституциясын, адам мен адамзаттың құқықтарын және бостандықтарын қорғауды қамтамасыз еткен жаңа тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы болып табылады. Осыған орай қабылданған заң мемлекетіміздің азаматтарының отаншылдық рухын арттыра түсетін болады.

– 15 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтті. Оған жеті саяси партия қатысып, олардың үшеуі 7 пайыздық тосқауылдан өтіп, мәжіліске сайланды. Нәтижесінде Парламент көппартиялы болды, ал «Нұр Отан» сенімді жеңіске жетіп, Мәжілістегі көп орынды иеленді.

– Қазақстан Ұлыбританияның астанасы Лондон қаласында өткен жазғы 30 олимпиада ойындарында жеті алтын, бір күміс, бес қола жүлде алып, жалпы командалық есепте 12-орынды иеленіп, халықтың бірлігін нығайтып, егеменді еліміздің мәртебесін көтерді.

– Өздеріңізге белгілі болғанындай, Астана Халықаралық көрмелер бюросының мүше-мемлекеттерінің 103 қатысушы-елі қолдап жасырын дауыс беруі барысында бельгиялық Льеж қаласын басып озып, «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге лайық елдің Астанасы екендігін дәлелдеді. Халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесінің Астанада өткізілуі мемлекет экономикасының, атап айтқанда, туристік кластердің дамуына айтарлықтай серпін береді. Елімізге келетін шетелдік қонақтардың толассыз легі туристік саланы жандандырып, «ЕХРО» көрмесі қазірдің өзінде орасан қызығушылық туғызуда. Көрмеге 5 миллионға тарта адам келеді деп күтілуде. Бұл – ғылым мен жаңа технологияның дамуына соны серпін беретін Қазақстан үшін ірі имидждік жоба. Ал, елордамыз Астана үшін бұл – одан әрі қарқынды дамудың бастамасы.

– Еліміздің Тәуелсіздік күнін мерекелеу қарсаңында, 2012 жылғы 14 желтоқсанда Елбасының Қазақстан халқына «Қазақстан – 2050» Стратегиясы: кемелденген мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты еліміздің дамуының жаңа сатыларының басты басымдықтары айқындалған жаңа Жолдауы өтті. Президент Жолдауында 2050 жылы біздің ең басты» мақсатымыз – мықты мемлекеттің негізінде экономикасы дамыған және қоғамдық еңбек ету мүмкіндігі бар қайырымды қоғам құру екенін атап өтті.

II. Аудандағы ағымды жағдай жөніндегі ақпаратты паспорттық деректерден бастасам деймін. Ауданның халық саны – 102 201 адамды, алаңы – 31,2 мың гектарды құрайды,

Есептік кезеңде аудан кәсіпорындарының негізгі капиталына 224 млрд 717 млн 500 мың теңге, ауданның құрылысы мен күрделі жөндеуге 143 млрд 94 млн теңге инвестиция жұмсалды.

2013 жылдың 1 қаңтарына дейін Есіл ауданының салық басқармасында 35 812 салық төлеуші тіркелген және жалпы мөлшері 182 млрд 847 млн 439 мың теңге салық жиналған.

Бұл сандар ауданның, ондағы шағын және орта бизнестің белсенділігін, құрылыс саласының қарқынды дамуын, сапалы инфрақұрылымды қалыптастырып, кешенді әлеуметтік саясатты жүзеге асырудың жалпы, экономикалық даму барысының тәуір екендігін көрсетеді.

 

Бюджет жөнінде

2012 жылы бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру толығымен орындалып, 8 млрд 916 млн теңгені құрады.

Есіл ауданы әкімінің аппараты 2012 жылғы бюджеттік бағдарламаларды іске асыруға 8 млрд 916 млн 279 мың теңге қарастырып, толығымен игерді. Ауданның өсуімен қатар, бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда 43,9% өсті.

Соңғы төрт жыл ішінде ауданда жүзеге асырылған бағдарламалардың басымдығы мынадай деректермен нақтыланады.

Негізгі бюджеттік бағдарламалар бойынша бұл көрсеткіш 2011 жылмен салыстырғанда келесі:

  1. Көшелерді жарықтандыру – 38,5%;
  2. Көшелерді санитарлық тазалау – 49,9%.
  3. Елді-мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру – 41,5% өсімді құрады.

 

Күнделікті күтіп-баптау шаралары

Осы орайда абаттандыру бағдарламаларының бірқатар басты мәселелеріне толықтай тоқталып кеткім келеді.

Есіл ауданы бойынша механикалық, қолмен, орамішілік жинап, тазарту жұмыстарын 23 мердігерлік ұйым атқарады, оларда 279 арнаулы техника, 510 жол жұмыскері жұмыс істейді.

Атауы

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

көшелер

78 400 т.м.

107 590 т.м.

145 280 т.м.

348 153 т.м.

 

Көшелерді механикалық жинау көлемі 2011 жылға қарағанда 4,5 есеге көбейді.

2012 жылы тасқын суға қарсы іс-шаралар аясында аудан аумағында 137 қар суы жиналатын 137 орын анықталып, су басуын болдырмау мақсатында 785 мың текше м қар шығарылды, оған қоса, 39 су сору машинасы жұмыс атқарды.

Қамыс пен арам шөптерді ору бойынша жұмыстар жүргізіліп, 650 мың текше метр құраған ағаш жиналды.

Ауданда санитариялық тазалықты қамтамасыз ету үшін біз сенбіліктердің барлық түрін белсенді қолданамыз. Сенбіліктер қорытындысы бойынша қалалық полигонға 4 мың тонна қоқыс шығарылды. Оған еңбек ұжымдары мен тұрғындар белсенді қатысқандығын ерекше атап өткім келеді.

 

Аумақты абаттандыру

Қалалық бағдарламаға сәйкес Есіл ауданы бойынша абаттандырылған аулалардың саны жыл сайын өсіп келеді.

 

2009 жыл

2010 жыл

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл (жоспар)

17 аула 6 спорт алаңдары (аулаларды абаттандыру жүргізілмеді)

12 аула

30  

аула

36

аула

 

2012 жылы 30 аула абаттандырылды. 2013 жылы 36 орамішілік ауланы абаттандыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, жазғы маусым кезінде қоршауларды қайта жөндеп, ауыстыру, асфальттыбетонды жабындар төсеу, жасыл желектер отырғызу, 4 орта мектеп және 1 балабақша аумағына шағын сәулет нысандарын орнату жұмыстары жүргізілді.

Шығыс Ильинка тұрғын алабында тұрақтар мен футбол ойнау алаңдары орнатылды.

Қыс маусымынан жазғы мезгілге ауысу барысында жасалған ақаушылық актісі бойынша мынадай қалпына келтіріп, жөндеу жұмыстары жүргізілді: 20125 ш.м. жерге қиматас төселді, 1784 отырғыш боялып, 1191 қоқыс қауағы мен 95 отырғыш қалпына келтірілді, 350 қоқыс қауағы, 1345 ш.м. жаяу жүргінші жолдарының тақташайлары қалпына келтірілді және 3482 т.м. жиек тастар орнатылды.

Көгалдандыру

Есіл ауданы бойынша саябақтар және саяжайлардың жалпы ауданы 347149 ш.м. құрайды. Бағдарлама аясында – 4 033 ағаш, қылқан жапырақты және тұқымдық көгал отырғызылған. Қоршаулар – 1500 ш.м-ді, гүлбақтар – 81 484 ш.м-ді, көгалды алаң – 4100 ш.м-ді құрайды. 2012 жылы Тұран даңғылы мен Сарайшық көшесі қиылысындағы «Сарыарқа» саяжайы мен Қабанбай батыр даңғылына «Ботаникалық бақ» орнатылды, жалпы аумағы – 100 гектар. Сондай-ақ, Тұран даңғылы бойында Хусейн бен Талал көшесінен (№27 көшесі) «Астана Жұлдызы» стеласына дейін жалпы сенбіліктерде ағаш отырғызылды.

 

Су бұрқақты кешендер

Кешендерді қалпына келтіру үшін мынадай жұмыстар  жүргізілді: 82 электр сорғы құрастырылып, 1486 суасты қуатты жарықтандырғыш құралдары жаңартылды, 512 су бұрқағының бөлшегі ауыстырылды, 15 электр есептеуіш құрылғысы ауыстырылды, 9865 т.м. су бұрқақтары суасты сорғы құралдарымен күнделікті тазартылып отырды.

Өткен жылы Кұрманғазы ескерткішінің маңайынан су бұрқағы кешені ашылды.

 

Қатқыл тұрмыстық қалдықтарды шығару

Аудан аумағы 1770 дана контейнер орналасқан 535 алаңқай бар, 512 қоқыс жәшігі қойылған. 2012 жылы Есіл ауданы әкімдігі 491 контейнер сатып алып орнатты.

р/р

Көрсеткіштер

Бірлігі

Саны

Қоқыс алаңқайлары

1

Контейнер алаңдарының саны

дана

535

2

    Орнатылған және орнатылмаған         алаңқайлар

дана

323 / 212

3

2012 жылы орнатылған алаңқайлар

дана

25

Қоқыс салатын

4

Қоқыс салғыштардың жалпы саны

бірлік

1567

5

Соның ішінде, осы жылы жөнделгендер

бірлік

165

6

2012 жылы алынғандар

бірлік

491

Қоқыс салатын жәшік

7

Қоқыс салатын жәшік саны

бірлік

512

8

2012 жылы алынғандар

бірлік

294

 

Жарықтандыру 

Біздің жұмысымыздың тағы бір басты саласы көшелерді, саябақтар және саяжайларды жарықтандыру болып табылады.

Қазіргі уақытта 10 652 көше шамы мен 8 931 саябақ жарығы іске қосылып тұр. Сонымен қатар, электр қуатын үнемдейтін шамдармен ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі үлкен қалаларда сәулеттік және декоративтік жарықтандырғыштардың да мәні бар екені мәлім. 2012 жылы 11 нысанына жарықтандыру құрылғылары орнатылды.

Жалпы айтқанда, біз 103 ғимарат пен құрылыс нысандарына қызмет көрсетеміз, олардың қатарында «Астана-Бәйтерек» монументі, Қазақстан Республикасының Басты мемлекеттік Туы, «Астана Жұлдызы» стелласы, «Астана Триумфы» ТК және т.б. жатады.

Өткен жылмен салыстырғанда, қазіргі кезде жаңа нысандардың пайдалануға берілуіне байланысты көшелер мен саябақты жарықтандыру құралдарының да саны екі есе өсті.

 

 

Жылы

Жалпы жарықтандырғыш-

тардың саны

Көше жарық тіреуіштерінің саны (дана)

Саябақта-ғы жарықтан-дыру бағамдар-ының саны (дана)

Желі ұзындығы (км)

Жалпы қуат құрылғы-ларының саны

2009

9 132

2023

7 109

237

959 кВт

2010

 

12 079

3882

8197

310

1569 кВт

2012

19 583

10652

8931

342

2,8 мВт

Жол инфрақұрылымы

Жаңа жолдар салып, ескі жолдарды жөндеу ісі аудан инфрақұрылымының дамуына айтарлықтай әсер етеді. 2001 жылдан 2008 жылға дейін барлығы 28 шақырым магистралды жолдар салынса, ал 2012 жылдың өзінде 23,94 шақырым жол салынып, жөндеуден өткен.

 

 

2001-2008 жылдар

2009 жыл

2010-2011 жылдар

2012 жыл

2013 жылға жоспар

28 км

21 км

43,72 км

23,94 км

19,29 км

 

 

Қалаға қосылған тұрғын алаптарға ерекше назар  аударылады. 2012 жылы Тельман тұрғын алабында №17, №19, №21, №28, Жайсан, Бұрылтай, Ақжан көшелеріне 2,4 шақырым, Пригородный тұрғын алабындағы Сарытоғай, Арнасай, Айнабұлақ, Беласар көшелеріне ұзындығы 1,7 шақырым жол төселді.

Жол инфрақұрылымының дамуы қоғамдық көліктердің халыққа қызмет көрсетуін жақсартуға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні аудан бойынша 17 автобус бағыты бар.

Тұрғындардың талап-тілегіне қарай, жүріс кестесі оңтайландырылып, бақылау жасалып отырады.

2013 жылы мына нысандар бойынша құрылыс-жинақтау жұмыстары жалғастырылатын болады:

1)   Заречный және Қараөткел, Тельман және Комсомольский тұрғын алаптарында инженерлік желілер мен жол құрылыстарын қайта жаңарту.

2)   Қорғалжын тас жолын қайта жаңарту.

3)   №62 көшесінің құрылысы Қорғалжын тас жолынан Кенесары көшесіне дейін жалғасады.

4)   Көше-жолдар құрылысының желілері Қабанбай батыр даңғылы – Қорғалжын тас жолы – Тұран даңғылы- Сарайшық көшесінің шекараларында.

5)   Тұран даңғылынан Орынбор көшесіне дейін Қонаев, Достық көшелерін қайта жаңарту.

6)   Ш.Бейсекова көшесі Қорғалжын тас жолынан Тілендиев даңғылына дейін жүрісті қамтамасыз етумен Есіл өзенінің көпірі арқылы және Тілендиев даңғылының қиылысындағы көлік айырығын қоса алғанда.

«ЭКСПО» халықаралық көрмесін өткізу үшін көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында, 2014 жылдан бастап салынатын ұзындығы 13,7 шақырым жолдарды жобалау басталды.

Оңға бұрылу жолын салу арқылы қиын қиылыстарды  жаңарту мәселесі мен ағымдағы жылда Сарайшық көшесі және Қабанбай батыр даңғылы қиылысында қайта жаңарту  жоспарлануда.

Сондай-ақ, Керей-Жәнібек хандар көшесінің жалғасы мен айналма жолға шығу жұмыстары аяқталу жоспарлануда.

Екі соңғы аялдама бекетін салу жобасы дайындалды  :

1)   Газмашаппаратура ауданының Дулыға көшесі бойында;

2)   «Заречный» т.а., №24 пен №37 көшелердің қиылысында;

Қала бойынша барлығы 25 жерасты өткелдерін салу қажет. Ағымдағы жылда Есіл ауданы аумағында «Хан-Шатыр» СОО маңында және Сығанақ көшесі бойында «Қазақстан» ОКЗ және бас прокуратурасын жобалау және жерасты төлемдері жаяу өткелдерінің құрылысы жоспарлануда.

Осы жобаның аясында туннель жасау әдісі арқылы жаңа технологиялық мүмкіндікті пайдалану жоспарлануда.

«ЭКСПО-ны» өткізуге орай, жалпы сыйымдылығы 7250 көлікке жететін 16 паркинг ұсынылады.

Бірінші кезекте жалпы сыйымдылығы 1700 көлікке жететін 3 паркинг құрылысы қарастырылуда.

–       Орынбор көшесі бойындағы паркинг (Жоғарғы сот үйінің маңы)

–       600 көлік орын.

–       Достық көшесіндегі паркинг (Қорғаныс мин. Үйінің маңы)

–       500 орын.

–       Қабанбай батыр даңғылындағы паркинг (Көлік-ком.министрлігі маңы)

–       600 орын.

Құрылыс

Ауданның экономикалық тұрмысында құрылыс секторы ерекше орын алады.

2012 жылы 8 тұрғын үй кешенінің: «Нұрқанат», «Триумфальный» ТК-нің – 3,2 бөлігі, «Шұбар», «Сармат» ТК-нің 1,7 бөлігі, «Грацияның – 1,2 кезегі, «Инфинитидің» – 1,2 кезегі, «Жағалау-3» ТК-нің 24,13 бөліктері, «Лазурный кварталдың» – 1 кезегі пайдалануға берілді.

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Сауран мен Сығанақ көшелерінің Сауран мен №24 көшелерінің қиылысында жалпы ауданы 2 17,3 мың м. 412 пәтерлік 2 тұрғын үй кешенін 2013 жылдың қыркүйек айында мерзіміне сай іске қосылады. Мемлекеттік «Астана Опера» опера және балет театрының 1-кезегінің, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы әкімшілік ғимаратының Сығанақ Орынбор көшелерінің қиылысында құрылыс жұмыстары аяқталды.

Қазіргі уақытта:

–         «Пригородный» тұрғын алабында техникалық бақылау бекетін;

–         2013 жылдың 2 тоқсанында мерзімімен іске қосу Есіл ауданы әкімдігінің ғимаратын;

–         2013 жылдың  3 тоқсанында  Қабанбай батыр даңғылындағы Сығанақ көшесінің оң жағындағы  әкімшілік  ғимаратты мерзімінде іске қосу үшін құрылыс жүргізілуде.

2013 жылы «Тельман» тұрғын алабынан ҚР Президентінің резиденциясына дейін Есіл өзеніне кеме қатынасын ұйымдастыру және Есіл өзенінің арнасын кезекті қайта жаңарту кезеңі аяқталуда.

Астана қаласының шеттерін дамыту бағдарламасы аясында: «Қараөткел» кабельдік желісі – 10/0,4 кВ-9,1 шақырым (орындалғаны-2,6 шақырым),  «Комсомольский» кабельдік желісі – 10/0,4 кВ-5,8 шақырым (орындалғаны-3,5 шақырым). «Заречный» әуе желісі 10/0,4 кВ-3,01 шақырым (100%) тартылды.

«Шығыс Ильинка»: магистральдық сумен жабдықтау желілелі-30,38 шақырым кәріздеу желісі – 14,84 шақырым, кәріздік сорғы стансасы – 12 дана, электр қуатымен жабдықтау желісі – 25 шақырым, трансфоматорлық орталық – 12 дана, жол құрылысы-14,9 шақырым;

«Пригородный», МҚК коттедж калашығы инженерлік желілері суқұбыр желілері ішкі аудандық құрылысы – 2132,25 м,  ішкі аудандық кәріз желілері – 578,3 м, кәріздеу желілері – 973,4 м, нөсерлік кәріз желілері -2600м, электр жабдықтау желілері-8200м, КНС қиыстыруы, 2Т РПК құрылғысы, қазандық құрылысы жүргізілуде (нөлдік циклы).

 

Тыныс тіршілікті қамтамасыз ету

Аудандардың тұрғын үй қоры – 144  үйден тұрады, соның ішінде 49 кооперативтік меншік иелерінің пәтерлері және сервистік ұйымдардың қызметі бар. Одан басқа, аудан аумағында 50 саяжай қоғамы бар, 5813 жеке тұрғын үйлер орналасқан.

2008 жылдан 2012 жылға дейін кезеңде ауданда тұрғын үй қоры (60%) жоғары қарқынмен өскені байқалып келеді.

 

Тұрғын үй қорының өсу қарқыны

2008 жыл

2009 жыл

2010 жыл

2011-2012 жылдары 

87  үй

95  үй

115  үй

144 үй

 

Атауы

2008 жыл

2012 жыл

+/-

Соның ішінде тұрғын үй кешендері:

87

144

57

–       автономдық жылытуы

22

47

25

–       орталықтандырылған жылумен жабдықтау

65

97

32

кіреберістер

115

643

528

пәтерлер

7 158

20 110

12 952

лифтілер

336

989

653

Қызмет көрсету ұйымдары

28

49

21

ПИК қызметкерлері

104

571

467

лифт компаниялары

9

15

6

Саяжай қоғамдары

54

39

-15

 

Аудандағы тұрғын үйлерді жылу жабдықтау орталықтарына қосу саны 105 дейін өскен. «Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны Есіл ауданындағы «Шұбар» шағын ауданның 1 автономды қазандық қызметін көрсетуін атқарған. Қазіргі уақытта осы қазан телімдері (Қабанбай батыр даңғылындағы (№12, №14, №16, №18, №20, №22, №24 үйлер), жылумен жабдықтау орталықтандырылған.

«Жылу» МКК ұйымының балансында тұрған 7 автономдық жылыту қызметін көрсетеді.

№п/п Атауы
1 Ұлттық академиялық кітапхана
2 №3 перзентхана, №2 қалалық аурухана
3  «Мамандандырылған техникалық колледж» КМУ
4 №59 мектеп ( Сауран к-сі)
5 № 69 мектеп, №62 балабақша (Үркер ш/а)
6 №53 балабақша (Комсомольский т.а.)
7 №56 балабақша  («Заречный» т.а.)

Тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету саласында тұрғындар өтініштерінің басым бөлігі мына мәселелерге:

  1. лифті компаниясының,
  2. ПИК-дің жұмысына;
  3. сапасыз құрылысқа;
  4. аулалары абаттандырылмаған үйлерге қоныстандыруға;
  5. көнерген апатты тұрғын үйлерге;
  6. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына қатысты болады.

 

Осы мәселелерді қалалық басқармалармен және басқа да ұйымдармен, сонымен қатар, жалпы жиналыстарда тұрғындармен бірлесіп шешеміз.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасы

2012 жылы Есіл ауданы бойынша «Шұбар», «Комсомольский», «Пригородный» және «Тельман» тұрғын алабы күрделі жөндеу және электрмен жабдықтау саласына техникалық қызмет көрсету бағдарламасы орындалды.

 

Күрделі жөндеу және электрмен жабдықтау саласына техникалық қызмет көрсету

2012

2013

Жабдықтардың ТП, КТП күрделі жөндеуі

12 дана

12 дана

РП, ТП, КТП техникалық қызмет көрсетуі

12 дана

12 дана

ВЛ-10кВ күрделі жұмыс

4, 45 км

3,95 км

ВЛ-10кВ техникалық қызмет көрсетуі

10,2 км

2,0 км

ВЛ-0,4кВ күрделі жөндеу

3,64 км

7,24 км

ВЛ-0,4кВ техникалық қызметін көрсету

3, 56 км

5,36 км

 

Ағымдағы жылы Пригородный тұрғын алабында  2011-2020 жылдарға арналған «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 1965-1988 жылдары салынған 7 тұрғын үйді жөндеуден өткізу жоспарлануда.

Кәсіпкерлік

Құрметті тұрғындар, шағын және орта бизнесті қарқынды дамыту ауданымыздың экономикасын дамыту жолындағы абсолютті басымдылық болып табылатыны туралы есеп беру  басында айтып өттім. 2012 жылдың 1 желтоқсанда Есіл ауданы бойынша салық басқармасында 6788 шағын және орта бизнес субъектілері тіркеуде тұрған. Оның 5809-ы – іске қосылғандар.

Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 2009 жылмен салыстырғанда 3 есеге жуық өсті. 2012 жылы шағын және орта бизнес объектілерінен бюджетке түскен қаражат 6 млрд теңгені құрады.

Бөлшек тауар айналымы 2012 жылдың 1 желтоқсанында 27 млрд теңгені құрады.

Бүгінгі күні негізгі міндеттердің бірі – шағын және орта бизнес субъектілерінің сыртық келбетін ретке келтіру, яғни, ғимараттың сәулеттік әдібі мен түс гаммасын ескеру, безендіру жұмысында стиль мен бірлік дизайнды сақтау.

2012 жылы 220 кәсіпкерлік субъектілерінің заңсыз жарнамасына бөлшектеу жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік сала

         2012 жылдың 1 желтоқсанына 27 отбасына, оның ішінде 119 адамға атаулы әлеуметтік көмек; 147 отбасына, оның ішінде 403 бала – 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы берілді; 139 отбасыға тұрғынжай көмегі көрсетілді.

Есіл ауданы дамып, халық саны жылдан-жылға өсіп келе жатқан аудан. Өз жұмысында Есіл ауданы әкімінің аппараты халықтың әлеуметтік осал топтарына, яғни, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға ерекше назар бөлуге тырысады.

Бүгінгі күнге дейін маңызды мәселелердің бірі – психикалық жүйке ауытқулары бар және жүріп-тұру қиын мүгедек балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесін ашу. Осы орайда, 2013 жылдың 1 тоқсанынан бастап аудан әкімі аппаратының қарамағында үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшесі ашылып, өз жұмысын бастайды.

2013 жылдың 1 қаңтарына аудан бойынша 78 мүгедек – бала есепте тұр, соның ішінде 44 балаға сауықтыру және әлеуметтік-оңалту қызметтері көрсетіледі.

Сондай-ақ, бөлімше өзіне өзі күтім көрсете алмайтын және денсаулығының жай-күйіне байланысты 1,2 топтағы мүгедектер және зейнет жасқа толған қарт адамдарға қызмет көрсетеді. Бүгінгі таңда көмекке мұқтаж 27 қартқа әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

 

Білім беру саласы

Бүгінгі таңда аудан бойынша 7 мемлекеттік балабақша және 1 шағын орталық, 9 мектеп, 2 колледж және 3 университет бар.

Білім саласындағы өзекті мәселелердің бірі – бала бақшаларда орын жетіспеушілігі және аудан мектептерінің жүктемесінің  шамадан тыс артып кеткендігі. Қазіргі уақытта №17, 59, 66 мектептер қатаң режиммен жұмыс істеуде.

Аталған мәселе №4 шағын ауданы №19 көшесінің оңтүстігінен және «Батығай» тұрғын кешенінде 1200 орындық екі мектеп ғимараты іске қосылған соң күн тәртібінен алынады. Объектілерді пайдалануға беру мерзімі – 2013 жылдың 3 тоқсаны.

«100 мектеп…» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2012 жылы «Шығыс Ильинка» тұрғын алабында 1200 орындық мектеп және «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 156 орындық арнаулы балабақша пайдалануға берілді.  Бұл балабақша тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды оқыту және тәрбиелеу мәселелерін шешетін, Қазақстандағы алғашқы мектепке дейінгі білім беру ұйымы болып есептеледі.

«Пригородный» тұрғын алабында 240 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары аяқталып, мемлекеттік комиссия қабылдау актісіне қол қойды. №19 көшесіндегі 240 орынға арналған бір балабақшаның құрылыс жұмыстары жалғасуда және Қорғалжын тасжолы оңтүстігінде орналасқан 240 орындық балабақшаның құрылыс жұмыстары аяқталуда. Алматы және Ақмешіт көшесінің, Сауран және №24 көшелерінің қиылысында, Сығанақ көшесінің оңтүстік қапталында (Орынбор және №36 көшелері) 720 орындық 3 балабақшаның құрылыс жұмыстары басталды.

 

Денсаулық сақтау саласы

Бүгінгі таңда жалпы ауданда 13 медицина мекемесі іске қосылған.

Денсаулық сақтау қызметін көрсету саласындағы өзекті мәселелердің бірі – аудан аумағында 2013 жылы қолданысқа беруге жоспарланған емханалық кешенінің әлі  іске қосылмағандығы.

Аудан тұрғындарына №4 қалалық поликлиниканың жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімшесінде қызмет көрсетіледі. Бөлменің жобалық қуаты – тәулік ішінде 75 адамды қабылдауға арналған, ал іс жүзінде тәулігіне 500 адамды қабылдайды.

«Пригородный» тұрғын алабында, тұрғын үйдің бірінші қабатында, жалпы көлемі 43 ш.м құрайтын пәтерде №4 қалалық емхананың медициналық пункті бар. Аталған пункте тұрғын алап тұрғындарына екі ауысымдағы жалпы тәжірибесі бар екі дәрігер қызмет көрсетеді.

«Үркер» тұрғын алабында да коттедж ішінде орналасқан медициналық пункт жұмыс істейді. Пункте жалпы тәжірибесі бар дәрігер және 4 медбике қызмет көрсетеді.

Ағымдағы жылы 250 төсек орындық инфекциялық ауруханасын, ауысымына 150 келгеншіні қамтитын емханаға қоса 250 төсек орындық медициналық-әлеуметтік оңалту орталығын, №19 көшесінің оңтүстігіне қарай амбулаторлық-емханалық кешені (ауысымына 350 келгінші қабылдайтын ересектер емханасы мен ауысымына 150  келгінші қабылдайтын балалар емханасы), ҚР ІІМ 200 орындық госпиталь және ауысымына 250 келгіншіні қамтитын емханасын пайдалануға беру жоспарланды. №36, 25 көшесінен оңтүстікке қарай «Ильинка» және «Тельман» тұрғын алаптарында әрқайсысы ауысымына 150 келгінші қабылдайтын үш АМСК жобалары әзірленді.

 

Мәдениет, спорт

Ауданның мәдени және спорт нысандармен қамтылу сапасы жоғары. Бүгінгі таңда ауданда 13 ұйым жұмыс істейді.

Жұмыс барысында халықты бұқаралық спортпен шұғылдануға тарту, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша үлкен назар бөлінеді. Осындай іс-шаралар ай сайын өткізу дәстүрге айналды. Іс-шараларға аудан оқушылары, студенттік командалар, еңбек ұжымдар және аудан тұрғындары  қатысады. Жарыстар кеңінен тараған шаңғы тебу, футбол, волейбол, ұлттық спорт ойындары және басқа да спорт түрлерінен өтеді.

Есіл ауданының аумағында түрлі секциялар мен үйірмелерді қамтитын 2 аула клубы жұмыс істейді. Аула клубтарының қызметі арқылы көпбалалы, аз қамтылған отбасы, нашар отбасы және толық емес отбасынан шыққан балалардың бос уақытын ұйымдастырып, спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жоғарыда айтылған санаттағы балалар мен мүгедек балаларға ауданның мекемелері де үлкен назар бөлетінін айтып кету қажет. Солардың ішінде Астаналық цирк, «Керуен» ойын-сауық орталығы және т.б. бар

Қазіргі уақытта 2000 орындық трибуналарды қамтитын Есу каналы мен суда спорттық жүзу базасының ТЭО әзірленді. Сонымен қатар, ауданда Тұран даңғылы және Керей-Жәнібек хандары көшесінің қиылысында орналасқан олимпиадалық резерв орталығы мен қалалық саябақ ішіндегі теннис кешенінің қосымша құрылысының  жұмыс жоспары әзірленуде.

 

Ақпараттық-насихат жұмыстары

Құрамындағы 35 байланысшысы бар 5 ақпараттық-насихат тобы ауданның еңбек ұжымдары мен халық арасында насихат жұмыстарын жүргізуде. Еңбек ұжымдарында түрлі іс-шаралар соның ішінде семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, жиындар, шығармашылық кештер және т.б. өткізіліп тұрады.

Жыл басынан Астана қаласы бойынша Республикалық ақпараттық-насихат топтарымен бірлесе отырып, еңбек ұжымдарында 10 кездесу өткізілді.

Орталық атқарушы органдардың өкілдері Қазақстан  Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлеуметтік – экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауының негізгі басымдық бағыттарын түсіндіру бойынша кездесулер ұйымдастырды.

Сондай-ақ, еңбек ұжымдарында «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» мақаласын және Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауын түсіндіру, талқылау және насихаттау бойынша кездесулер ұйымдастырылды.

 

ҮЕҰ және Діни ұйымдары

Бұл бағытта Есіл ауданының ардагерлер Кеңесімен бірлесе отырып, үлкен жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінгі таңда ауданда 5297 зейнеткер бар, 89 бастауыш ардагерлер ұйымдарында тіркелген, соның ішінде 14 ҰОС ардагерлері, 160 тыл еңбеккерлері, 44 саяси репрессияның құрбандары бар. Ардагерлер кеңесінің атқарып отырған жұмыстарының негізгі бағыты – әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерінің шешілуіне қолдау беру, қарт адамдарының мүддесін қорғау, ардагерлердің белсенділігін арттыру.

Ауданда үш діни ұйым бар: «Нұр-Астана» және «әл-Ғани» мешіті, «Церковь Назарянина». Діни конфессиялармен өзара әрекеттестікті қалыптастыру жұмысы Астана қаласы бойынша Діни істері департаментімен бірлесе жүргізіледі.

 

Қоғамдық тәртіпті сақтау

Құрметті тұрғындар! Халыққа жедел қызмет көрсету мақсатында, өздеріңіз білетіндей, ауданда халыққа қызмет көрсету орталықтары, әділет басқармасы, соттар, прокуратура және басқа да мемлекеттік құрылымдар ашылған. Тәртіпті нығайту және заңдылықты сақтау жұмысын аудандық ішкі істер басқармасы атқарады. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамсыз етуге 30 қоғамдық құқық қорғау құрылымдардың өкілдері, оның ішінде консьержа қызметіне 7 адам, 5 жастар жедел отрядтары, 18 қоғамдық көмекшілер қатысады.

Өткен жылда көшелер мен қоғамдық жерлерде, бағбандық алаптарда қылмыстарды ескертуге және алдын алуға бағытталған 149 жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында 1375 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталды. Қолданылған барлық шаралар есептік кезеңде қылмыстардың ашылуын жақсартуға септігін тигізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

twenty + 7 =