Жатақхана жайлы ма?

0 19

Елордада студенттік жатақханалар тексерілді. «Жас Отан» жастар қанатының қалалық филиалы «Астана – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы арнайы мониторинг тобымен бірлесіп, жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттер жатақханаларына мониторинг жүргізді. Тексеру барысында үй-жайлардың санитарлық, қауіпсіздік талаптарға сәйкестігі, тұрмыстық техника және жиһаздармен жабдықталу деңгейі қаралды.

Арнайы топ Назарбаев Университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, Астана медицина университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және басқа да бірқатар колледж бен институттардың жатақханаларына барды.
«Жылдың басында біз кейбір жатақханаларда мониторинг жүргіздік. Сол кезде айтылған ескертулер қазір жойылған. Кейбір бөлмелерде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жалпы жағдайы жаман емес. Алайда бірқатар мекемелердің жатақханаларында студенттер үшін толыққанды демалыс бөлмелері жоқ, коворкинг қажет. Кей жерлерде ас үй мен кір жуатын орын бөлек емес, бұл орындар әртүрлі бөлмелерде болғаны дұрыс» дейді Nur Otan партиясы «Jas Otan» ЖҚ елордалық филиалының жетекшісі Бақдәулет Жанділдаев.
Жалпы қалада 30-дан аса колледж, 16 университет және 40 жатақхана бар.

Наима  НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

17 − 12 =