«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жат ағым жарға жығады

0 54

2020 жылы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен Қазақ­стан Мұсылмандары діни басқармасының діни оңалту бөлімі ашылған болатын. Сол уақыттан бастап діни оңалту жұмысы төрт бағыт бойынша жүргізіліп келеді. Ол еркіндікте және түзеу мекемелерінде жеке ықпал ету акциялары мен жалпы профилактикалық іс-шараларды қамтиды.

depositphotos_271188226-stock-photo-young-muslim-man-praying-indoors

Діни оңалту жұмысының мақсаты – жат ағым өкілдері арасында профилактикалық және теологиялық оңалту жұмыстарын қамтитын барлық іс-шаралардың жүйелі түрде орындалып, сапалы деңгейде өткізілуін қамтамыз ету. Сонымен қатар, жоспарланған іс-шаралардың Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатымен ұштасып, зайырлылық қағидаттары, конфессияаралық келісім мен диалогты іске асыруға, дәстүрлі діни құндылықтарға негізделуін қамсыздандыруға бағытталады. Діни басқарма, ең алдымен, азаматтарымыздың жат ағым ықпалына түсіп қалмау үшін түрлі іс-шараларды жүзеге асырады. Атап айтқанда, мешіт жанындағы сауат ашу курстарында дәстүрлі дінімізге негізделген діни сенім, ғибадат және ахлақ-әдептен сабақтар жүргізу. Жұма және күнделікті үгіт-насихаттарында ислам дінінің шынайы құндылықтары мен қоғамдағы бейбітшілікті қамтамыз етуі рөлі жайында тоқтаусыз уағыз-насихаттар жүргізіліп жатыр.

 Профилактикалық қызметтің негізгі мақсаты – діни экстремизм­нің алдын алуға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмысы, сонымен қатар, мақсатты топтардың радикалды және деструктивті (жат) діни ағымдардың идеяларына қарсы иммунитетін қалыптастыру болып табылады. Профилактика жұмысы деструктивті діни ағымдар идеологиясының ықпалына түсіп қалмас үшін түсіндірме жұмыстары ретінде жүргізіледі. Бұл шара жамағатымыздың үлкен бөлігін қамтиды. Осы бағытта белсенді жұмыс жасап отырған аймақтардың бірі – Нұр-Сұлтан қаласы. Мысалы, Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылдың көрсеткіші бойынша 272 791 адамды қамтыған 959 іс-шара атқарылған.

Сонымен қатар, ҚМДБ-ның жат ағым ықпалына түскен азаматтармен жеке кездесіп, олардың қателіктерін түсіндіруге, радикалды райынан қайтаруға көмектеседі. Теологиялық оңалтуда діни қызметкердің деструктивті діни ағым мүшелерімен діни мәселелер бойынша түсіндірмелік жұмысты жеке кездесіп немесе онлайн кеңес жүргізеді. Оңалту жұмысының негізгі мақсаты – деструктивті діни ағым мүшелерімен жеке ықпал ету акциясын жүргізіп, яғни, жеке кездесу арқылы деструктивті діни ағымның идеологиясынан бас тартқызу, сонымен қатар, дәстүрлі діни құндылықтарға негізделген конструктивті көзқарастарды қалыптастыру болып табылады.

Өз кезегінде, ҚМДБ жеке ықпал ету акциялары бағытындағы діни оңалту жұмыстарын мемлекеттік органдармен бірлесе отырып жүргізеді. Атап айтар болсақ, олар: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті, жергілікті Дін істері басқармалары, ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық атқару жүйесі комитеті және т.б. Нұр-Сұлтан қаласында атқарылған жеке ықпал ету акцияларына келер болсақ, 2021 жылдың қорытындысы бойынша қалада 300-ден аса жеке кездесулер өткізіліп, жағымды нәтижелер де алынды және 2022 жылы жеке ықпал ету акцияларын жетілдіре түсеміз деп жоспарланып отыр.

Баян АСЫЛБЕКОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды