Жасыл желек жамылған

0 27

Бас қалада тал егу, жасыл белдеуді қалыптастыру және экологиялық аумақтар құру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда елордадағы жасыл белдеу аумағында 10,2 миллионнан аса ағаш пен 1,8 миллион бұта (қарақат, мойыл, бөріжидек, көріктал) жайқала өскен.

Қалада өсімдіктерді қорғау мақсатында көшеттерді күту әрі қорғау ережелері күшейтілді. Бұрын кесілген бір ағаштың орнын толтыруға бес ағаш егілетін. Ал қазір бір ағаш кесілсе, оның орнына он ағаш отырғызылады. «Биыл 30 мың ағаш отырғызамыз. Жұмыстар елорданың барлық ауданында жүріп жатыр. Жасыл белдеуде 330 мың жапырақты және қылқанжапырақты ағаш,
3 мыңнан аса көшетке дейін егеміз. Аулалар, саябақтар, скверлер мен бульварларды абаттандыру кезінде, құрылыс барысында аумақты көгалдандыруға ерекше мән береміз. Өсімдіктер кеуіп кетпес үшін суару жүйесін 20 пайыздан 90 пайызға дейін қалпына келтірдік» деді қала әкімі Алтай Көлгінов.
Сонымен қатар қала әкімі Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында экотуризм мәдение­тін дамытуды маңызды міндет ретінде атағанына тоқтала келіп, аталған мақсатта экосаябақтар құру бойынша жұмыстар атқарлып жатқанын жеткізді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

9 − 5 =