Ел тынысы

Жасыл желек жайқалады

Елордада 4,1 млн-ға жуық жасыл желек, ал орман-саябақ аймағында 14,6 млн-ға жуық жасыл желек өседі. 2022 жылы Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы жасыл желектерді түгендеу және орман-патология тексеруі бойынша жұмыс жүргізді.

Зерттеу нәтижесі бойынша ағашбұта өсімдіктерінің жалпы саны – 1459000 дана, бұтамен қоршалған жерлердің ұзындығы – 212944,45 қума метр, гүлзарлар ауданы – 198969,53 шаршы метр, көгалдар ауданы – 19868704,47 шаршы метр. Түр құрамы жағынан ағаштар 158 түрден тұрады, олардың 135 түрі (85%) қатты ағаштарға, ал 23 түрі (15%) қылқан жапырақты өсімдіктерге жатады.

Елорда аумағында көп кездесетін ағаш түрлері – ұсақ жапырақты қарағаш, кең жапырақты қарағаш, үйеңкі, тал, терек, қайың, алма және қарағай. 2024 жылы басқарма «ITSINC» ЖШС пен шарт жасасты, онда «Астананың жасыл желектер тізілімі» www.edendra.kz жаңа порталы әзірленді. Қазіргі уақытта 2022 жылдан бастап отырғызылған жасыл желектерді дерекқорға енгізу бойынша жұмыс жүргізілуде.

Астана қаласында өткен жылдары отырғызылған ағаш тар қатарында Қазақстанның Қызыл кітабына енген ағаш өсімдіктерінің жекелеген түрлері де бар. Елорда аумағында өсетін ең танымал және Қызыл кітапқа енген ағаш түрі – алма ағашының мәдени сортының генетикалық көзі ретінде ерекше құнды Сиверс алма ағашы. Сонымен қоса Ботаникалық бақта да табиғатты қорғау, ғылыми және мәдени маңызы бар түрлерді қамтитын сирек кездесетін ағаш бұта өсімдіктерінің жинағы қалыптасты.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button