Жасыл желегі жайқалған

0 73

Қаламыздың жасыл желегі жайқалған ауданы болса – ол Сарыарқа. 40 мыңнан аса ағаш отыр­ғызылған, қаланы желдің өтінен сақтап, оттегімен қамтамасыз етіп қана қоймай, ажарын ашып, көркін кіргізіп отыр.Былтыр 2800 ағаш егілсе, биыл оның санын үш есе арттырып, тағы 6 мың ағаш отырғызу жоспарлануда. Сонымен қатар ауданда көшелерге сән беру үшін 11 мыңнан аса гүл егу жоспарланған.
Ауданда 327 аялдама бар. Оның 40-қа жуығы – жылы аялдама. Биыл аялдамаларды күтіп-ұстау жағы әкімдікке өтті. Оған дейін қалалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының бақылауында болды. Қазір тұрғындар тарапынан түсетін сын-ескертпелер арасында аялдамаға қатыстылары азайған. Жыл соңына дейін барлық аялдамаларда қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталады.

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

4 × 3 =