«Жасыл ел» жастарды қолдайды

0 37

«Жасыл ел» жобасы бойынша биылғы еңбек маусымында елордада 1200 жас жұмысқа орналасты. Олар 11502,2 гектар аумақты алып жатқан елорданың жасыл белдеуіне күтім жасауға қатысты. Сонымен қатар қала маңындағы 275 350 тал мен көшеттерге күтім көрсетумен айналысты.

«Астана Орманы» ЖШС мекемесінде жастар 90 мың тенге жалақы және «Жасыл ел» жобасынан арнайы бөлінген 35 394 тенге сыйақы алады. «Жасыл Ел» жобасы аясында жастар 3 санат бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, 14-17 жас аралығындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыға жататын балалар, 17-22 жас аралығындағы колледж, ЖОО студенттер және үшінші ересек топ – жұмыссыз жастар санатындағы 18-29 жастағы азаматтар.
Кәмелетке толмағандар саябақтар мен алаңдарды тазарту жұмыстарын жүргізеді. Олардың жұмыс күні төрт сағаттан аспайды. Екінші санаттағылар «Астана-Зеленстрой» жұмысшыларына көмектессе, үшінші санаттағы студенттер мен қатысушылар құрылыс алаңдарында, сондай-ақ «Астана Орманы» кәсіпорнында жұмыс істеді.
Санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында жастардың бір жерге шоғырланып жұмыс істеуіне жол берілмейді. Таза ауада, ашық кеңістікте 2 метрден кем емес қашықтық сақтау қажет. Осы жобаға қатысушы жастар міндетті түрде беттұмша тағып, қолғап киіп жұмыс істейді.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

2 × two =