«Жасыл ел» жасақтары көбейіп келеді

0 52

Бүгінде «Жасыл ел» еңбек жасағында 1200-ге жуық адам жұмыс істейді. 2017 жылдан бастап 2019 жылға дейін «Жасыл ел» қатарында 900-ден астам адам болса, уақыт өткен сайын елордалықтардың қызығушылығы артуда. Қазіргі уақытта квота 1200 адамға дейін ұлғайтылды.Атап айтқанда, жобаға қатысуға әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың балалары мен жұмыссыз жастар тартылады. Мысалы, былтыр әлеуметтік ахуалы төмен отбасылардан 700-ден астам адам жұмысқа орналасты. Бұған дейін жастарға берілетін жәрдемақының мөлшері 35394 теңгені құраса, биыл жәрдем­ақы көлемін 10 айлық есептік көрсеткішке (64 мың теңге) көбейту жоспарланып отыр.
14-29 жас аралығындағы жастар жобада 3 санат бойынша: әлеуметтік ахуалы төмен отбасылардың 14-17 жастағы балалары мен 17-22 жас аралығындағы студент жастар, 18-29 жас аралығындағы жұмыссыз азаматтар қамтылған. Қазіргі уақытта жастар қалалық саябақтарда, құрылыс алаңдары, «Жасыл белдеу» бойынша жұмысқа тартылған. Ал төртінші бағыт бойынша 14-16 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімдер қаланың білім беру мекемелерін абаттандыру мен жинауға қосымша жұмылдырылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

12 + twelve =