«Жасыл ел» арқылы жұмыс табады

0 59

Елордалық оқушылар мен колледж студенттері жазғы каникулда «Жасыл ел» жасағында жұмыс істеп жүр.

– Қазіргі ұсыныстар бойынша біз 14-16 жас аралығындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларын жұмысқа алып отырмыз. Жалпы саны бүгінгі таңда «жасылелдіктердің» саны 800-ге жетті. Мектеп ауласында көгалдандыру жұмыстарын жасап жатырмыз» деді «Жасыл ел» жобасының жетекшісі Асылбек Абдурашитов.
«Жасыл ел» әлеуметтік жастар жобасы 1 маусым – 10 тамыз аралығында өтеді. Жоба аясында көпбалалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар, ювеналдық полицияда есепте тұрған балалар және жетім балалар жұмысқа орналаса алады.

– Бұл – бізге берілген үлкен мүмкіндік. Себебі жазғы демалысымызды осындай игі істермен өткізіп жатырмыз. Жоба бойынша әр балаға 60 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы қарастырылған, – дейді мектеп оқушысы Малика Арман.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

16 − two =