«Жасыл экономика» – жаңа технология

0 422

Елімізде EXPO көрмесіне дайындық жұмыстары бас­талып кетті. 2017 жылға белгіленген халықаралық көрмені ұйымдастыру үшін арнайы ұлттық компания да құрылып, оның басшылығына Талғат Ермегияев тағайындалды.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Ақордада Үкіметтің кеңейтілген отырысы өткені белгілі. Осы алқалы жиында Елбасы «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізілетін Қа­зақс­танның елордасы таза, энергия тұтыну жағынан ти­імді, «жасыл» қалаға айналуы керектігін атап өтті.

Жалпы 2017 жылы халықаралық «ЭКСПО» көр­ме­сін өткізетін орын ретінде Астананың таңдалуы – елімізге үлкен абырой әкелді. Бұл Қазақ елінің тәу­ел­­сіз­­дік­ жыл­да­рын­да­ғы­ ең үлкен жетістігі ретінде ба­­ға­­ла­нып­ отыр. «ЭКСПО– 2017» көрмесінің елі­міз­ге әкелетін пай­да­сы­ да қомақты болмақ. Бұл ту­­ра­­лы­­ Мемлекет бас­шы­сы­ өз сөзінде: «Біріншіден, әлем­­нің­ осыншама елі­н­ің­ Қазақстанды «ең лайықты» деп­­ тануының өзі өте­ маңызды. Екіншіден, 100-ден ас­­там­­ ел Астанада өз па­в­и­ль­он­да­рын­ салу үшін келеді. Үшін­­ші­ден, «ЭКСПО – 2017»­ көрмесіне біз ұсынған «Бо­ла­­шақтың энергиясы» ұра­ны­ негізінде елордамызға жа­һан­дағы мемлекеттер өз­де­р­і­нің­ жаңа технологияла­рын­­ жеткізеді. Іс жүзінде ІІІ индустриялық революция «жасыл экономикадан» басталмақ. Бұл ретте қай елде­­ «жасыл экономика» болса,­ соның қолында жаңа тех­но­­ло­гия­лар бар. Ал жаңа­­­ технологияларсыз енді да­му­ жоқ.­ Яғни «ЭКСПО – 2017» Қазақстан үшін эко­н­о­ми­­ка­­лық­­ дамудың тү­бе­гей­лі жаңа бетін ашудағы бет­бұ­рыс бе­кетіне айналмақ».

Қазақ елі 2017 жылы өтетін көрменің тақырыбын энер­гияның баламалы көздері мен «жасыл» экономика­ ­мә­се­лелеріне арнап отыр. Бұл жоба таза экологиялық тех­­но­ло­гияға және жаңғыртылған энергетикаға не­гіз­де­­ле­ді.­ Индустриялық-инновациялық дамуды жедел­де­­­ту­­­ жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, елі­­­­­міз­­­­­ 2015-2020 жылдар аралығында ЖІӨ энергия шы­­­­ғ­ы­­­­нын­­­­ ти­ісін­ше­ 25 пайыздан 10 пайызға азайтуды көз­­­­деп­­­­ отыр.­ Осыған орай, «жасыл технологияға» не­­­г­із­­­­дел­­ген,­­ жарықты барынша үнемдейтін диодты энер­­­­гия­­лық­­ қуат көздері мен құрылыс материалдарын шы­­­­ға­­­­ра­­тын өндірістерді дамытуға күш сала бас­та­ды.­­ Мы­­­са­­лы,­ жа­қ­ын­да­ ашылған күн батареяларын өн­ді­ретін зау­ыт­ та­ – осы­ жобаның жүзеге асырыла бас­тауының нақты айғағы.
Қазіргі таңда әлем елдерінде энергия көзінің тап­шы­лы­ғы байқалуда. Сондықтан дүниежүзі энергияны­ күн,­ жел сияқты табиғи көздерден алуға кө­ше­ бастады. Елбасы атап өткендей, болашақта бү­кіл­ әлем «жасыл» технологиямен алға жылжитын бо­ла­­ды.­ Сондықтан күллі әлемнің ғылымы мен техни­ка­ са­ла­сын­да­ғы­ ең үздік жетістіктері сараланатын көрме­ Астанаға ға­на­ емес, еліміздің өзге өңірлеріне де­ ай­тар­лық­тай­ пай­да әкеледі деуге негіз бар. Яғни Қа­зақ­ елі таң­даған­ «Болашақтың энергиясы» әлемдік эко­но­ми­ка­­лық­ да­му­дың басты кілтіне айналмақ.

Әрине, мұндай халықаралық деңгейдегі үлкен ша­ра­ны­ тиісті деңгейде алып шығу – оңай емес. Ха­л­ық­ара­лық­ көрмелер бюросының талаптары да жоғары. Мы­са­­лы,­ көрме өткізуге белгіленген үш ай ішінде Астана қа­ласы әлемнің 100 мемлекетінен 5 миллионға жуық адамды қабылдауға қауқарлы болуы керек. Көрмеге байланыс­ты­ өтетін дайындық жұмыстарының 90 пайы­зы­ биылға жос­парланып отыр. Сондықтан елімізді де, елор­да­ны да­ биылғы жылы қыруар шаруа күтіп тұр.

Мемлекет басшысы «ЭКСПО-2017» көрмесінің ин­новациялық экономиканы дамытудың аса маңызды катализаторына айналуы қажеттігін атап көрсетті. «Біз Астананы таза, энергияны тұтыну жағынан тиімді, «жасыл» қалаға айналдыруға тиіспіз. Елордамыз өзге өңі­р­лерге үлгі болуға тиіс. Үкіметке және «Самұрық-Қа­­зы­­на»­­ қорына көрмені энергиямен, баламалы энер­­гия­ көздері есебінен жабдықтау нысандарымен то­­лық­­ қамтамасыз етуді тапсырамын», – деді Елбасы Үкі­м­­ет­­тің­ кеңейтілген мәжілісінде сөйлеген сөзінде. Мем­­ле­­кет­ басшысы «Самұрық-Қазына» қоры Астана әкім­­ді­гі­мен бірлесіп, биылғы жылдың 1 шілдесіне дейін елор­­да­да ЭКСПО нысандары орналасатын «жасыл аудан» құрылысының жобасын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ, Қоршаған ортаны қорғау министрлігі екін­ші тоқсаннан кешіктірмей, ЭКСПО көрмесін өт­кі­­зу­­ тұжырымдамасы жобасын әзірлеп, мемлекеттік ко­м­иссияның бекітуіне тапсырмақ.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

19 − 11 =