«ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА» ЖАЙЛЫ БАЯНДАДЫ

0 128

JG_08002

Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Бейресми кездесулер» жобасы аясында ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрі Нұрлан Қаппаров «Қазақстан – 2050» жалпыұлттық қозғалысының белсен­ді­лерімен кездесті.

Кездесу барысында ведомство басшысы министрлік жұмысының бағытын, Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасы, қалдықтарды қайта өңдеу мен су ресурстарын тиімді пайдалану жайында жан-жақты әңгімелеп берді. Бұл туралы «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозға­лы­сының баспасөз қызметінен хабарланды.

Сонымен қатар, Нұрлан Қаппаров эколо­гия­лық тәрбиеге, «Жасыл көпір» серік­тес­тік­ бағдар­ла­масына қатысты белсенділердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу соңында жиынға қатысушылар министрге алғыстарын білдіріп, «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозға­лы­сына кіруін ұсынды. Н.Қаппаров олар­дың бұл ұсынысын қабыл алды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

1 + 4 =