ЖАСТЫҒЫН ЖАЛЫН ШАРПЫҒАНДАР…

0 139

Елорда іргесінде орналасқан Ұлттық ұланның 5573 әскери бөлімі тәжік-ауған шекарасын күзету кезінде қаза тапқан сарбаздарды еске алды. Сондай-ақ, «Думан» қонақ үйінде «Жастығын жалын шарпығандар!» деген тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

32321214

Әскери рухты көтеретін іс-шараны Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы, Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы және «Тәжік-ауған шекарасындағы әскери шиеленіс пен ұрыстарға қатысқан ардагерлер одағы» рес­публикалық қо­ғамдық бірлестігі ұйымдастырды. Жедел мақсаттағы құрама командирінің орынбасары – штаб бастығы подполковник Ерлан Жақыпов өз баяндамасында тәжік-ауған шекарасында болған қанды қыр­ғынның тарихына тоқталды.
– Осыдан 22 жыл бұрын Ішкі әскердің екі мыңнан аса жауынгері Қазақстан Республикасы жеке атқыштар құрама батальоны құрамында тәжік-ауған шекарасын күзету бойынша жауынгерлік міндетін атқарған болатын. Ал 1995 жылдың 7 сәуірінде Пшихавр шатқалында болған қарулы қақтығыста қазіргі Ұлттық ұланның 33 жауынгері жарақат алып, 17 сарбаз ерлікпен қаза тап­қан еді. Бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан Ұлттық ұлан бөлімшелері «Ер есімі – ел есінде» акциясы негізінде дәл осы оқиғаға байланыс­ты Ерлік күнін өткі­зіп келеді. Ондағы мақсат – бейбіт өмір жолында жанын қиған ержүрек сарбаздар есімін ұлық­тау, рухтарына тағзым ету, ерліктерін бүгінгі ұрпаққа, Отан қорғаушыларға жеткізу, – дейді подполковник.
Сондай-ақ, жиында сол шайқасты көзімен көрген, бүгінде аталмыш құраманың жауынгерлік дайындық бөлімшесін басқарып отырған полковник Тимур Қаракөзиев те сөз сөйледі. Ол марқұм болған қаруластарын сағынышпен еске алып, әрдайым бейбітшілік болсын деген тілегін білдірді.

Серік  ҚҰДАЙБЕРГЕНҰЛЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 − 6 =