©2020 Астана Ақшамы
Жастармен жүздесті
Елорданың 15 жылдық мерейтойына орай «Ұлттық сана-сезімді қалыптастырудағы мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы мен мәнділігі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы мен «Дін мәселелерін зерттеу және психикалық оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған шараға сәулетші, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, Халық қаһарманы Бақытжан Ертаев, Мемлекет тарихы институтының қызметкері Жабай Қалиев, т.б. тұлғалар қатысты.
Өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, оларды отансүйгіштік рухта тәрбиелеудің маңызы зор. Осы ретте, аға ұрпақтың өкілдері айтқан естеліктері мен ел тарихының атаулы беттерінің баянын жастар жылы қабылдады.
Мөлдір Халықова