«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жастармен өткен жүздесу

0 202

Бүгін Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дін саласындағы мемлекеттік саясатты талқылау және түсіндіру бойынша студент жастармен кездесу өтті. Жиынға Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Б.Арын, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы С. Ораз, Православтық шіркеудің митрополиттік округының ісін басқарушы Қаскелеңдік епископ Геннадий және  университеттің  проректоры Дихан Қамзабекұлы қатысты.

Ең алдымен сөз алған вице-министр Берік Арын өз сөзінде Президенттің «Бес әлеуметтік бастамасы» тікелей жастарға бағытталғандығына нақтылай тоқталды.
«Бұл бастама Президентіміздің серпінді ұсынысы, жас отбасыларға тұрғын үй алуға, жастардың жалақысын көтеруге, сапалы және қолжетімді білім беруге, кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Елбасының бес әлеуметтік бастамалары еліміздің өркендеуі мен халқымыздың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Ал, бұның барлығы тұрақтылық орнаған мемлекетте ғана жүзеге аспақ. Ел дамуының негізі – мемлекет тұрақтылығы. Кез-келген елдің тұрақты дамуының басты кепілдігі оның бейбіт жағдайда тіршілік етуі екені белгілі. Яғни, қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын мемлекеттер ғана қарқынды даму жолына іліге алады» деп атап өтті».

Осы ретте, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай Ораз Мемлекет басшысына осы әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға оларды жас ұрпақ үшін үміт көзі ретінде бастама көтергеніне құрмет білдірді.


Бас мүфти: «Бірде пайғамбарымыздан бір кісі: «Уа, Алланың Елшісі, ең жақсы адам кім?» – деп сұрайды. Сонда ол: «Ең жақсы адам – қоғамға, елге пайдасы тиген пенде», – деп жауап берген. Демек, қазір біздің қоғамға өз ісінің майталман маманы бола білген иманды, жанашыр, дәстүрлі құндылықтарды құрметтейтін парасатты мұсылмандар қажет. Білім мен көркем мінезді, ар мен ұятты өз бойына ұялатқан ұрпақ елдің көсегесін көгертеді» дейді ол. Сонымен қатар, Православтық шіркеудің митрополиттік округының ісін басқарушы Қаскелеңдік епископ өз сөзінде Президенттің жариялаған үндеуі ең алдымен қазақ халқының әлеуметтік әл-ауқатын нығайтуға және біздің мемлекетімізде өмір сүру үшін қолайлы жағдай жасауға «Бес әлеуметтік бастама» негізгі мемлекеттік деңгейге көтеруге әлеуметтік блоктың міндеттерін шешуге бағытталғанын атап өтті. Әлеуметтік бастамаларды талқылау барысында студенттер тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, олардың барлығына қызықты да шынайы жауаптар берілді. Қойылған сұрақтар қатарында дін өкілдернің несие алуға деген көзқарасы, Қазақстандағы теологиялық білім алу және тағы басқа мәселелер қарастырылды.

«Астана ақпарат»

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды