«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жастарға жұмыс ұсынады

0 95

Мемлекет басшысы ­Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, биыл «Жастар тәжірибесі» бағдарламасына бірқатар өзгеріс енгізіліп, тәжірибеден өту мерзімі ұзартылып, қатысушыларға беретін жалақы көлемі артты. Елордалық халықты жұмыспен қамту орталығында жобаға қатысу шарттары мен оның тиімділігі туралы талқыланған жиын өтті.

3934bb63c5fe83520ad5075482356d99_original.49198

Жастар тәжірибесі – иеленген мамандығы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектеріне арналған бағдарлама. Оған соңғы үш жыл ішінде оқуын аяқтаған 29 жасқа дейінгі жұмыссыз жастар қатыса алады.

Бағдарлама барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда өтеді. Сонымен қатар салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін, жалақы бойынша берешегі жоқ және бір жылдан астам өтілі бар жұмыс берушілер қатысады.

Кезекті қаржы жылына жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны мүмкіндігі шектеулі жандар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, пробация қызметінде тұрған адамдар үшін құрылатын жұмыс орындарын қоспағанда, қызметкерлердің тізімдік санынан 20 пайыздан аспайды.

Жұмыс беруші электрондық еңбек биржасындағы «жеке кабинет» арқылы Жұмыспен қамту орталығына ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына де­йінгі мерзімде кезекті қаржы жылына жастар тәжірибесін ұйымдастыруға электрондық нұсқада өтінім береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Нұр-Сұлтанда биыл «Жастар тәжірибесі» жобасы аясында қатысушылардың еңбекақысы 35 АЕК-тен (102 мың теңге) 40 АЕК-ке (122 мың теңге) дейін ұлғайтылды. Сондай-ақ өту мерзімі екі есе – 6 айдан 1 жылға дейін ұзартылды.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды