«Астана ақшамы»
Ел жүрегі – елорда шежіресі

Жастарға жан-жақты жәрдемдеседі

0 8

Нұр-Сұлтан қаласының төрт ауданында жастарға қызмет көрсету орталық­тары жұмыс істейді. Мұнда елордалық жастарға жұмысқа орналасу, тұрғын үй, заңгерлік, кәсіп­керлікті дамыту және басқа да мәселелер бойынша кеңес алуға жағдай жасалған. Бір жыл ішінде 3000 адам осы орталықтардың қызметіне жүгінді.

DSC_3152коп

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет «Астана жастары» ЖРО 2021 жылдың 1 маусымында қанатқақты режимде Жастарға қызмет көрсету орталығы ашылған. Елорданың Сарыарқа ауданы бойынша аталған орталық 1000-ға жуық жасты қабылдап, олардың арасында өзекті мәселелер бойынша, атап айтқанда, жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жөнінде консультациялық көмек көрсетті. Бұл жоба жақсы көрсеткіштерге ие болғандықтан, 2021 жылғы 18 қарашада елорданың қалған үш ауданында ашылды. Нәтижесінде 4 ауданда ЖҚКО ашылған сәттен бастап 3000 адамға кеңес берілді. Өтініштердің 80-90 пайызы – аула клубтары, еріктілік, кәсіпкерлік, жеңілдікпен несиелендіру, сонымен қатар кәсіптік бағдар беру, жұмысқа орналастыру және тұрғын үй мәселелері.

Орталықтарда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ-нің қызметкерлері жастардың бос уақытын тиімді өткізу мәселелері бойынша, Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмысқа орналастыру мәселелері бо­йынша және «Отбасы банк» АҚ тұрғын үй мәселелеріне қатысты консультациялық көмек көрсетеді. Орталықтағы қызметкерлер кәсіптік бағдар беру қызметтерін көрсетумен шектелмейді, сонымен қатар «Бизнес бастау» бағдарламасы бойынша өз ісін ашуға грант ұсына алады. Осы жылдың 11 наурызынан бастап ХҚО-да 800-ге жуық адамға кеңес берілді.

 

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды