Жастарға жалға пәтер берілді

0 11

Нұр-Сұлтан қаласында 2021 жылы «Жұмыс істейтін жастар үшін сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы бойынша 1050 пәтер беріледі. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді.«Мемлекет жас ұрпақты қолдау үшін барлық жағдайды жасап отыр. Олар еліміздің қозғау­шы күші және болашағы болып есептеледі. Елбасының тапсырмасы бойынша 2019 жылы елордада жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды. Сол кезде мыңнан астам адам жалдамалы пәтерлерге ие болды. Осы уақыт ішінде олар аяққа тұрып, белгілі бір көлемде капитал жинауына мүмкіндік алды. Осы қаңтар айында осы бағдарлама негізінде 350 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Ал жылдың соңына қарай тағы 1050 пәтер беріледі» деп жазды елорда әкімі Алтай Көлгінов инстаграм парақшасында.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

5 × four =