Жастарға спортқа жақын ба?

0 14

Бас қалада «Жастар салауатты өмір салтын қолдайды» атты спорттық дода ұйымдастырылды. Шара барысында «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері спорт саңлақтарынан сабақ алып, кір тасын көтеруден өзара бақ сынасты.

2018 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін дамыту мақсатында еліміздің барлық өңірінде «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы құрылды.

Бұл бастаманы жүзеге асыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің тікелей қолдауымен «Жас сарбаз» қозғалысының филиалы құрылып, қарқынды түрде жұмыс атқаруда. Бүгінде елордамызда 90 мектеп пен 35 колледжде «Жас сарбаз» сыныптары мен клубтары құрылып, тәрбиеленушілер саны 7000-нан асып отыр.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

one × one =