Жастарға арналған жәрмеңке

0 34

Қазақ технология және бизнес университетінің ғимаратында жоғары курс студенттеріне, білім беру ұйымдарының түлектеріне және жұмыссыз жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Аталған шараны Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.Жәрмеңкеде 30 жұмыс беруші 150-ден астам бос жұмыс орнын ұсынды. Оның ішінде «Самұрық-Қазына» корпоративтік университеті, «Нұрбанк» АҚ, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Bazis Construction» ЖШС, «ПИК ЮТАРИЯ LTD» ЖШС, «Sa Belle» сән үйі және басқа да мекемелер бар.
– Ұсынылған бос жұмыс орындары арасында маркетолог, заңгер, инженер, сату бөлімінің басшысы, мемлекеттік сатып алу жөніндегі маман, дизайнер, кредиттік кеңесші және менеджер, журналист, қаржыгер, өндірістік бөлімнің меңгерушісі, жүйелік әкімші, бухгалтер, слесарь-жөндеуші, SММ-менеджер, сату жөніндегі директор секілді мамандар сұранысқа ие болды. Кез келген адам құнды кеңестер алып, жұмысқа орналасуға мүмкіндік беретін шараға 200-ден астам жас қатысты, – деді «Астана жастары» КММ кәсіби бағдар беру және жұмыспен қамту бөлімінің маманы Мөлдір Аманжолова.
Жәрмеңкеде жастар өздері қалаған саладағы бос жұмыс орындарын зерттеп, бірнеше жұмыс берушімен бір жерде тікелей сұхбаттасуға мүмкіндік алды. Бұл шара оқуды енді ғана бітіріп отырған жастар үшін де, тәжірибесі бар, бірақ қандай да бір себептерге байланысты жұмыс таба алмай жүрген ізденушілер үшін де өте пайдалы. Алдағы уақытта осындай жәрмеңкелер жыл бойы қаланың ірі жоғары оқу орындарында ұйымдастырылып тұрмақшы.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

15 + two =