Жастарға арналған call center

0 10

Елордада жастар мен студенттер арасындағы түйткілді жайттарды шешуге атсалысу үшін жастар мәселелері бойынша call center ашылды.

Ашық қоңырау орталығының бас­ты мақсаты – елорда жастары мен студенттерінің мәселелері бойын­ша, атап айтқанда: жемқорлыққа, құқық бұзушылыққа, нашақорлыққа және басқа сұрақтарға қатысты арыз-шағымдарды қарап, қиындықтардың алдын алу. Сонымен қатар елордалық студенттерге оқу орны қабырғасында орын алып жатқан жемқорлық, әлімжеттік әрекеттері бойынша да өз өтініштері мен ұсыныс­тарын жеткізуіне болады. Әр қоңырау мен ақпарат құпия сақталады.
«Бұл бастамамыздың мақсаты – жастар арасында орын алып жатқан мәселелерді шешуге атсалысу. Сондықтан жастарды қолдауға шақырамын. Келіп түскен арыз-шағым немесе ұсынысты құзырлы мемлекеттік органмен қарастырып, шешетін боламыз» деді Жастар сая­саты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров. Сұрақтар мен шағымдар бойынша байланыс нөмірлері: 556633, 87007251732. Ал Instagram парақша: ns_jastary. Call center-дің жұмыс уақыты: 9:00-ден 18:00-ге дейін.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × 4 =