Жастардың ұлттық жобасы

0 88

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» мекемесі Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында қазақтың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жаңғыртуға арналған JAS NOMAD жобасын іске қосты. Бұл жоба биылғы желтоқсанға дейін онлайн-форматта өтетін болады.

image-23-09-21-10-33-14
image-23-09-21-10-33
image-23-09-21-10-33-1
image-23-09-21-10-33-2
image-23-09-21-10-33-3
image-23-09-21-10-33-4
image-23-09-21-10-33-5
image-23-09-21-10-33-6
image-23-09-21-10-33-7
image-23-09-21-10-33-8
image-23-09-21-10-33-9
image-23-09-21-10-33-10
image-23-09-21-10-33-11
image-23-09-21-10-33-12
image-23-09-21-10-33-13
previous arrow
next arrow

– Контент біздің YouTube- арнамызға ұлттық костюмдердің атаулары мен тарихы, ұлттық тағамдар, ұлттық аспаптар, ет турау рәсімдері бойынша шығарылатын болады. Қазан айында қолөнер, қыш және тігін ісі бойынша екі офлайн іс-шара өтеді. Материалдар қазақ және орыс тілдерінде 25 бейнеролик түрінде онлайн шығады, – дейді «Астана жастары» мекемесінің жастар бастамаларын қолдау жөніндегі маманы Олжас Амангелді.
Ашылу салтанатында жобаның 15 қатысушысы үйретушінің көмегімен киіз үйді тігіп көрді. Жоба жаттықтырушыларының бірі – «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Батырхан Жұмабаев бұл бастаманың елорда жастары үшін өте маңызды екенін, жастардың ұлттық құндылықтар туралы дүниетанымын кеңейтетінін атап өтті.
– JAS NOMAD – қала жастары үшін маңызды шара. Мен жастарды ұмытылған дәстүрлерді жаңғыртуға баулимын. Өзім – тарихшы, этнологпын. Өкінішке қарай, қазір қала мен ауыл арасында үлкен айыр­машылық бар. Ауыл жастары қалалықтардан қатты ерекшеленеді. Біз ауылдан шыққанымызды мақтан етуге тиіспіз. Қазақ «Ауыл – ұлттың негізі» деп бекер айтпаған. Бұрын бабаларымыз күздің осы кезеңі – мизам шуақта киіз үйлерді жинап, тастан, шым кірпіштен салынған күздік баспанаға (күзеу) көшіп, кейін қыстауға қоныстанған. Бұл туралы біз шеберлік сабақтарында толыққанды айтып береміз, – дейді Батырхан Жұмабаев.
Жобаға 14-29 жас аралығындағы ниет білдірген жастар тегін қатыса алады. Ол үшін «Астана жастары» Instagram парақшасына кіріп, Google пішініндегі нұсқаны толтыру қажет.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

7 + 16 =