ЖАСТАРДЫҢ ЭТНОКОНЦЕРТІ

0 133

VST_9800

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінде Астана қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен елордалық этномәдени орталықтарындағы жастардың фестивалі өтті.

Өнер сайысында «Самульнори» ұлт аспаптық ансамблінің барабаншылары мен «Ариран» тобының бишілері корей өнерімен таныстырса, өзбек, татар, әзербайжан, армян бишілері де өз халқының билерін орындады. Осы кеште неміс блюзы мен қырғыздың әні де қалықтады. Жастардың этноконцерті «Атамекен» кешеніне келген қала қонақтарына тосын сый болды, өйткені фестиваль LED экраннан тікелей көрсетілді.

Айгүл УАЙСОВА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

four × five =