ЖАСТАРДЫҢ ДІНИ САУАТЫН ЖЕТІЛДІРДІ

0 137

ERA_7276

Астанада діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған іс-шаралар басталды. «Қазақстандағы деструктивті ағымдардың іс-әрекеті» атты жастармен кездесу елорданың Менеджмент және бизнес колледжінде, Қазақ мемлекеттік заң университеті мен оның колледжінде өтті.

Шараны ұйымдастырушы – Астана қаласының жастар саясаты басқармасы мен «Рухани қоғам әлемі» қоры. Жиынға қатысқан дін саласының мамандары жастар арасындағы радикалды діни көзқарастың алдын алу, конфессияаралық келісімнің Қазақстандық моделін күшейту, ғаламторда өз насихатын жүргізетін теріс ағымдардан сақтандыру мәселелері туралы дәріс берді. «Президент айтқандай, біз діни радикализм мен экстремизмнің пайда болуын бейтараптандыру мақсатында заңдарымызды жетілдіруіміз керек. Дәстүрлі емес секталар мен күмәнді жалған діни ағымдардың іс-әрекетін қатаң түрде тыйып отыру қажет. Жастардың көбі жалған діни көзқарасты көзсіз қабылдайды. Өйткені, олардың діни әсерлерге иммунитеті әлсіз болып келеді. Діни таңдауға келгенде үлкен жауапкершілік бар. Өйткені, адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда осыған байланыс­ты. Сондықтан, жастарды ерте бастан сақтыққа тәрбиелегеніміз жөн» дейді жиында сөз алған «Рухани қоғам әлемі» қорының жетекшісі Лимана Құттыбек.

Гүлмира ШАРХАНҚЫЗЫ

 

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

6 + seven =