Жастар жұмыс іздей ме?

0 86

Елордалық жоғары оқу орындары мен колледж түлектері «Жастар тәжірибесі» және «Алғашқы жұмыс орны» атты жұмысқа орналастырудың екі бағдарламасына қатыса алады.

IA5A7196
IA5A7177
IA5A7174
IA5A7173
IA5A7162
previous arrow
next arrow

Жастар практикасы бойынша жұмыс уақытша сипатқа ие. Бағдарлама техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарындағы жұмыссыздар үшін арнайы құрылған. Бағдарламаға оқуды аяқтағаннан кейін үш жыл ішінде 29 жастан аспаған жұмыссыздар да қатыса алады. 2021 жылы жалақы 94 053 теңгені құрайды. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс тәжірибесі жоқ, алғаш рет жұмыс іздеп жүрген түлектер үшін арнайы «Алғашқы жұмыс орны» бағдарламасын іске асыруда. Бағдарламаға қатысуға 29 жастан аспаған жұмыссыздар құжат тапсыра алады. Жоба қатысушылары 24 айдан кем емес мерзімге тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие. Мұнда ай сайынғы субсидия (жалақы) мөлшері 20 АЕК – 58 340 теңгені құрайды (салықтарды, әлеуметтік төлемдерді және т.б. есепке алғанда).

– Мен «Алғашқы жұмыс орны» жобасы арқылы «1С: Бухгалтерия» бағдарламасын оқып шықтым. Жұмыс істей жүріп білім алдым. Маған зор мүмкіндік сыйлаған Жұмыспен қамту орталығының мамандарына алғыс білдіремін, – деді жоба қатысушысы Гаухартас Төленғазина.
Барлық сұрақтар бойынша Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгіну қажет. Сонымен қатар 87053297719 байланыс телефондарына хабарласуға болады.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

13 − 6 =