Жастар жүлделі оралды

0 37

Польшаның Кельце қаласында бокстан өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандықтар екі алтын, төрт күміс, төрт қола медаль алды.Елордадағы Қ.Мұңайт­пасов атындағы спорт мектеп-интернатының оқушылары Санжар Ташкенбай мен Сабыржан Ақхалықов әлем чемпионы атанды. 49 келі салмақта өнер көрсеткен Санжар финалда ресейлік Роберт Бадаляннан басым түссе, Сабыржан Ақхалықов 64 келі салмақта украиналық Бозорбой Матякубовты тізе бүктіріп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды. 60 келі салмақта Елнұр Сүйінбай шешуші жекпе-жекте жапониялық Реито Цуцумиге, ал Ерболат Сабыр (56 келі) финалда үндістандық Сачинге есе жіберіп, нәтижесінде күміс жүлдені қанағат тұтты. Ал қыздардан Жұлдыз Шаяхметова (60 келі) мен Дана Дидай (75 келі) күміс жүлдегер атанды.
Айта кетейік, әлемдік бәсекеге 58 елден 500-ге жуық спортшы қатысты. Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 2 алтын, 4 күміс 4 қола жүлдемен төртінші орынға жайғасты.

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

two + 20 =