Жастар жарыссөзі

0 94

Елбасымыздың 2012 жылғы Жолдауы аясында оқушылардың арасында 2010-2014 жылдарға арналған «Үдемелi индустриалды-инновациялық  даму» мемлекеттiк бағдарламасы жөнiнде кеңiнен ақпарат таратып, бағдарламаның мүмкiндiгi мен келешегi туралы ой қозғау мақсатында арнайы дискуссия ұйымдастырылды.
Оны  «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалының «Жас Отан» Жастар қанаты мен Астана қаласы Жастар мәслихаты өткiздi. Дискуссияның құрметтi қонағы ре­тiнде «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының  Инновациялық жобалар департаментiнiң директоры Ғалым Әмреев, Астана қаласы «Жастарды жұмыспен қамту және кәсiптiк бағдар беру» орталығының директоры Мүс­лiм Қалиев келдi. Астана қаласы Жастар мәслихатының депутаттары мен Астана қала­сындағы Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп, Мұстафа Шоқай атындағы № 51 мектеп-гиназиясы, №55 мектеп-лицейi, №66 мектеп-лицей оқушылары белсендiлiк таны­тып, дискуссия алаңына шығып, өз пiкiр­лерiн бiлдiрдi. Дискуссия аясында иннова­ция­лық жобаларға қатысты жастардың бейiмдiлiгi, кәсiпкерлiкпен айналысу мүм­кiндiгi, олардың жұмыспен қамтылуы, жұ­мыссыздықтың азаюы, дұрыс мамандық таңдауы, техникалық мамандықтарға деген қызығушылықтың артуы, оқушыларға дұрыс бағдар берiлуi, ел экономикасын көтеру мәселелерi жөнiнде әңгiме өрбiдi.

Шынар ӘБIЛДА

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

20 + nineteen =