Жастар – жарқын болашағымыз

0 178

Ел ертеңi – бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттау бүгiнде аса маңызды мәселе. Қай елдiң болсын ұлттық ерекше-лiктерiнiң сақталып, дамытатын, еңселi ертеңiмен жалғастырар алтын көпiр – мектеп.
Ұлы педагог А.Макаренко: «Тәрбиешiнiң әрбiр қимылы, жүрiс-тұрысының өзi балаларға өнеге, тәлiм-тәрбие берерлiктей болуын аңғарған адам ғана тәрбиешi бола алады» деген. Ал дана халқымыздан «Бiлектi бiрдi, бiлiмдi мыңды жығады» деген салиқалы сөз қалды.
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол деңгейде болады» деп атап көрсеткен.
Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы.
Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты – жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», – дейдi Елбасы бiр сөзiнде.
Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуге даярмыз.

Айгүл ЖҮНIСОВА,
№ 21 орта мектептiң қазақ тiлi мен әдебиетi мұғалiмi

Пікір жазу

Почтаңыз жарияланбайды

8 − 4 =