©2020 Астана Ақшамы
«ЖАСТАР ЖАЛЫНЫ» ЖАЛҒАСУДА
Жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Жастар жалыны-2014» фестивалінде елордадағы 15 жоғары оқу орнының шығармашыл жастары 7 номинация бойынша сайысқа түсуде.
Байқаудың «Көктем нұрын төккен!» эстрадалық әндер мен «Көктем иірімдері» би номинациялары бойынша сайыстар Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қабырғасында, ал, «Жылы маусым» тақырыбындағы «Жайдарман» және «Махаббат – мәңгі ертегі» жыр номинациялары С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өткізілді. Алда «Үздік жанкүйерлер командасы», «Үздік блоггер-студент» және «Сезім самалы» тақырыбындағы фотобайқаулар қазылар алқасынан өз бағаларын күтуде. Биыл «Жастар жалыны-2014» фестивалі 1000-ға жуық дарынды жастардың басын қосып, 5000-нан астам көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп отыр. Қазылар алқасы әрбір номинация бойынша жекелеп құрылған.
Фестивальдің қорытынды телевизиялық гала-концерті 29 сәуір күні Бейбітшілік және келісім сарайында өтеді.